Індетке қарсы күресте вакцинаның рөлі зор
Коронавирус індеті әлемді шарпыған кезде көптеген адам ажал құшты. Қаншама бақытсыздықтар орын алды. Адам шығыны күннен-күнге көбейе түсті. Осы тұста медицина мамандары ситуацияна қолға алып, індетпен белсене күресті. Көптеген жұмыстар атқарылды. Дегенмен індетті жеңуде өте масштабты шара қолға алыну керек болды. Бұл – халықты вакцинациялау. Медицина мамандары зерттеу жұмыстарының нәтижесінде коронавирусқа қарсы адам бойында иммунитет қалыптастыратын екпе ойлап тапты.
Халық денсаулығын нығайту және алдын алу шаралар ішінде алдынғы орында екпе жасау болып келеді. Вакцинция барлық уақытта көптеген қауіпті жұқпалы аурулармен күресудің негізгі құралы. Пандемия кезеңінде осы вакцинаға аса қажеттілік туындады. COVID-19 вакцинасын әзірлеу бүкіл әлемде коронавирустық инфекцияны жаппай жұқтыру және адамдың жаппай өлімі орын алғандықтан, аса шұғыл жағдайда өтті. Бұдан басқа, фармацевтикалық компаниялар проблеманың ғаламдық деңдейде болуына байланысты вакцинаны тез әзірлеуге айтарлықтай ресурстар жұмсады. Бірақ оның жылдам әзірленуі компаниялардың қауіпсіздік хаттамаларын айналып өтті деген сөз емес.
Н.Ф. Гамалея атындағы ЭжМҒЗО-ның «Спутник V» вакцинасына келетін болсақ, ол алдыңғы әзірлемелерге сүйене отырып жасалды. Орталық пандемияға дейін SARS-CoV-2 коронавирусы да жатқызылған РНҚ бар қабықты вирустарға қарсы вакциналар мен препараттар жасаудың технологиялық платформасын ашқан болатын.
Аталған вакцина Ресей Федерациясында мемлекеттік тіркеуден өтті және бірнеше ай бойы халықтың осал топтарын иммундау үшін қолданылып келеді. Ресей Федерациясының Тікелей инвестициялар қорының мәліметтері бойынша бұл вакцинаны сатып алуға 50-ге жуық мемлекет өтініш берген, ал кейбір елдер (Беларуссия, Аргентина, Сербия) қазірдің өзінде оны сәтті қолдануда. Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағына тіркелмеген дәрілік заттарды әкелу кезінде дәрілік заттың сапасын растайтын өндірушінің қазақ немесе орыс тілдеріне аудармасы бар құжатының электрондық көшірмесі болуы қажет (талдау сертификаттары немесе сынақ есебі немесе сапаны бағалау көрсеткіштері бар сапа паспорты). Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы №850 қаулысымен Қазақстан Республикасында өндірілген COVID-19 коронавирусына қарсы вакциналарды уақытша мемлекеттік тіркеу ережелері бекітілді.
Коронавирус індетімен күресудің жалғыз жолы – жаппай екпе салдыру.
Былтырғы жаз айларында әр бір отбасының мүшелері ауырды, қайғылы жағдайларда кездесті. Біз медицина қызметкерлері осында жүріп өзіміз де ауырып, қаншама әріптестерімізден айрылдық.
Осынау қиындықтардың барлығын жеңудегі жалғыз жол - вакцинациялау. Осыған орай елімізде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, халық екпе салдырып жатыр. Әсіресе Түркістан облысында түсіндіру жұмыстары жоғары қарқында жүргізілуде. Нәтижесінде Түркістан облысы - жасыл аймақта. Алдағы уақытта халық жаппай вакцина салдырғанда індетті толықтай жеңеміз деп айта аламыз.
Әлібек Әмірсейітов,
Ордабасы аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары