Індеттің қорғаны - сақтық!

Oinet.kz 25-10-2020 1149

Screenshot_1.jpg

Қазіргі таңда Түркістан облысында эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Коронавирус жұқтырған науқастар жоқ. Дегенмен бұл босаңсуға себеп емес. Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасы індетпен күресу үшін медицина мекемелерін толықтай дайындықтан өткізуде. Мамандардың мәліметі бойынша  өңірде жалпы, медициналық ұйымдарда 6000-ға жуық төсек орын қарастырылған. Мобильді топ мүшелері мен ақ халаттылар тұрғындарға жұқпалы дерттен сақтанудың жолдарын түсіндіруді жалғастыруда. Ендеше, мамандардың кеңесіне құлақ түріп, денсаулығымызды сақтайық!

Коронавирус – вирустардың үлкен тұқымдасы, ол жануарлар арасында, оның ішінде түйе, мүйізді ірі қара мал, мысық пен жарқанаттарда кең таралған. Бірақ ауру жұқтырған адамдардың көпшілігі жануарлармен байланыс болмағанын айтады. Яғни, тұмаудың жұғу жолы тәрізді ауа арқылы адамнан адамға берілуі мүмкін.

Коронавирус белгілері:

дене қызуының көтерілуі;

тұмау;

бас ауруы;

жөтел;

тамақ ауруы;

әлсіздік;

іш өту.

* иммун жүйесі әлсіз әрі нашарлаған адамдар, сәбилер мен қарттар вирусты тез жұқтыруы мүмкін.

Инкубация кезеңі – 2 күннен 14 күнге дейінгі аралық.

Диагностика

Қазіргі уақытта Қазақстанда 2 сағаттың ішінде нәтиже беретін жаңа тест жүйелері қолданысқа енді. Ол үшін:

-қан анализін;

-несеп анализін;

-лаборатория зерттеулерін;

-ПТР-ды (полимераз тізбек реакциясы) тапсыру қажет.

Коронавирусқа арнайы диагностика тек медициналық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі.

Инфекцияның берілу жолдары:

-көп жағдайда ауру адам жөтелгенде немесе түшкіргенде ауа тамшылары арқылы тарайды;

-тұрмыстық байланыс арқылы: жеке байланыс, (жанасу, қол алысу, залалды объектіде болу немесе бетті тигізу)

Вирус өзі ағзадан тыс ұзақ өмір сүре алмайды және бірнеше күн ішінде жойылып кетеді.

Қалай сақтану керек? 

Қазіргі уақытта 2019-nCoV инфекциясының алдын алатын екпе жоқ. Сол себепті сіз саяхатта болсаңыз немесе вирустан қауіптенсеңіз, аурудың алдын алудың ең тиімді жолы – оның әсер етуін болдырмау. Басқа қауіпсіздік шаралары өзге де респираторлық аурулардыкімен бірдей.

Қолыңызды сабынмен немесе сумен кем дегенде 20 секундтан жиі жуып тұрыңыз. Егер сабын мен су қолжетімсіз болса, спирт негізіндегі қолға арналған дезинфекция құралын қолданыңыз. Жуылмаған қолды көзіңізге, мұрныңызға және аузыңызға жақындатпаңыз. Науқас адамдармен байланыстан қашыңыз. Ауырған кезіңізде үйде болыңыз. Жөтелген немесе түшкірген кезде бетіңізді майлықпен жауып, содан кейін оны қоқысқа тастаңыз. Сіз үнемі байланыста болатын құралдар мен үстіңгі қабатты тазартып, дезинфекция жасап тұрыңыз. Бұл көп вирустың таралуының алдын алатын күнделікті әдеттер. 


Коронавирустық инфекциядан сақ болыңыздар!
Коронавирустан сақтанудың қарапайым ережелерін білесіз бе?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу