Коронавирустық инфекциядан сақ болыңыздар!
Қазіргі кезде шет ел мемлекеттерінде аурушаңдықтың күрт өсуі байқалып отыр, сондықтан шетелге баруды уақытша тоқтата тұруды ұсынамыз.
Шымкент қаласында коронавирустық инфекцияның қайтадан өршуіне жол бермеу мақсатында сіздерден, қатаң түрде санитариялық-карантиндік шараларды сақтауды сұраймыз:
- қол гигиенасын сақтау (қолды сабынмен жуу және қолды дезинфекциялауға арналған құралдарды пайдалану, әсіресе жөтел, түшкіру кезінде; көзге, мұрынға және бетке лас қолмен тиюден барынша аулақ болу);
- бетперде тағуды ұмытпаңыз;
- 1,5 метрден кем емес ара-қашықтықты сақтау;
- адамдар көп жиналатын орындарға бармау;
COVID-19 инфекциясы науқаспен байланыста болғанда, түшкіру және жөтелу кезінде тыныс алу жолдарынан бөлінетін тамшылар арқылы, ауа арқылы және науқастың ыдыстары мен жеке заттарын пайдалану арқылы беріледі.
Аурудың негізгі белгілері - қызба, жөтел, құсу, ентігу және диарея. Кейбір адамдарда сырқат ауыр түрде өтіп, пневмония мен тыныс алудың қиындауына, тіпті кей жағдайларда ауру өлім салдарына әкелуі мүмкін.
Назар аударыңыз, егер сіз, жоғарыда көрсетілген аурудың белгілерін өзіңізден байқасаңыз тез арада дәрігерге көрінуіңіз қажет екенін ескертеміз. Өйткені ауруды ерте кезеңінде анықтап, тез арада емдеу шараларын бастау өте маңызды.
Бұл вирусты аурумен егде жастағы, сонымен қатар ағзасында басқа да патологиялары (мысалы, қант диабеті, жүрек-қан тамыр жүйесінің аурулары) бар адамдардың ауыруының ықтималдығы жоғары.
Сіз, өз денсаулығыңыздың инфекцияға қарсы тұруына көмектесу үшін:
- Иммунитетті жоғарылату (витаминдер, көкөністер мен жемістерді пайдалану);
- дұрыс және тиімді тамақтану;
- 8 сағаттық толық ұйқы;
- дене шынықтыру және тыныс алу гимнастикасымен айналысу қажет.
Өзіңіздің және жақыныңыздың денсаулығына қамқор болыңыз!