Маскүнемдіктің алдын алу маңыздылығы

Oinet.kz 16-10-2020 1418

Маскүнем.jpg

Адамдардың алкогольдік ішімдіктерді тұтынуы, алдымен адамның орталық жүйке жүйесін тыныштандыратын және басым әсер ететін маңызды проблемалардың бірі болып табылады, ал шамадан тыс қолданған кезде физикалық және психикалық тәуелділігі бар «Маскүнемдік» деген күрделі ауру дамиды. Ауруға әртүрлі жастағы ерлер мен әйелдер, сондай-ақ жасөспірімдер ұшырауы мүмкін.

Алкоголь дененің барлық мүшелеріне әсер етеді, қайтымсыз физикалық салдарға әкелуі мүмкін, атап айтқанда бауыр мен жүрек аурулары, қан қысымының жоғарылауы, церебральды инсульт, асқазан жарасы, бүйрек аурулары, психикалық бұзылулар және деменция.

 Ішімдікті шамадан тыс пайдалану өлім-жітімнің негізгі себептерінің бірі болып табылады.

Жүкті әйелдің алкогольді ішімдіктерді тұтынуы ұрықтың дамуындағы ауытқуларға және дені сау емес ұрпақты дүниеге әкелуі мүмкін. Алкоголь адамның өзіне ғана емес, оның отбасы мүшелеріне, жалпы қоғамға да теріс әсер ететіні сөзсіз.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметтері бойынша әртүрлі созылмалы аурулардың даму себептерінің бірі алкогольді ішімдіктерді ішу болып табылады.

Шымкент қаласы бойынша халыққа наркологиялық және психиатриялық көмекті Ерімбетов көшесі №17 мекен-жайында  орналасқан "Психикалық денсаулық орталығы" МКК көрсетеді. Сонымен қатар, №5, №4 қалалық емханаларда, АХТҚО-да сенім кабинеттері жұмыс істейді, сондай-ақ медициналық-психикалық көмек кабинеттері қарастырылған, онда ниет білдіргендердің барлығы кеңес алып ем-шаралар қабылдай алады.

Шымкент қаласының наркологиялық қызметінің деректері бойынша 2019 жылмен салыстырғанда алкоголизммен сырқаттанушылықтың 1,3 есеге төмендегені байқалады.

Алкоголь-біздің денсаулығымызға зиян!

Өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығын қорғаңыз!

Желшешек (Ветрянка) қандай ауру?
Коронавирустық инфекциядан сақ болыңыздар!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу