Радиотехникалық құрылғылар және олардың әсері
Электромагниттік сәулеленуді көзбен көру мүмкін емес. Сондықтан қарапайым адам одан қорғанбайды десек те болады.
Қазіргі дамыған заманда біздің «көмекшіміз» болып кеткен электр құрылғыларсыз өмірімізді елестету қиын. Бірақ техникалар адам өмірінде ерекше орын алатындығы соншалық, тіпті олардың зиян жақтары бар екенін біліп тұрсақ та одан бас тарта алмаймыз.
Осы заманғы радиоэлектрониканың өте қарқынды енуі, оның ішінде әртүрлі радиолокациялық жүйенің және қондырғылардың орналасуы, оны пайданушылар кеңістігін кеңейтті, олар радиотолқынның аса жоғары жиіліктегі (АЖЖ) диапозонды әрекетке көшті. Осындай көрсетілген физикалық әсер факторы тек мамандарға ғана емес, қарапайым халыққа да әсер ететіні анық.
Электромагниттік сәулелерді кеңістікте тудыра алатын техникалық құрылғылар электромагниттік сәулелерді тікелей шығару көздері болып саналады. Бұлар радиоаппараттарда антендік жүйелер, генераторлы лампалар, ұялы телефондар т.б.
Хабар таратқыш радиоорталықтар өзіне арнайы тағайындалған аймақта орналастырылады. Ол өз құрылысына сәйкес, радио-хабар таратқыш тұратын орын және бірнеше ондаған антенді-фидерлік жүйе орналастырылатын антенді алаңдары бар бір немесе бірнеше нысаннан тұрады. Хабар таратқыш радиоорталықтар тудыратын электромагниттік сәулеленудің орналасу аймақтарын 2-ге бөліп қарастыруға болады:
- Аймақтың бірінші бөлімі- радиохабар таратушы мен антенді-фидерлі жүйе қызметін қамтамасыз ететін барлық қызмет орналастырылған хабар тарату радиоорталық аймағы. Бұл қорғалған аймақ, оған тек қана таратқыштар орналастырылып оған тек А тобындағы персоналдар жіберіледі.
- Аймақтың екінші бөлімі- хабар тарату радиоорталығымен іргелес
жатқан аймақ, бұл жақта барлығына рұқсат етілген және мұнда тұрғын үй салып адамдар орналасуға болады, бірақ бұл аймаққа орналасқан халыққа сәулелену қаупі төнеді.
Электромагниттік өрістер барлық тіршілік көздеріне, cоның ішінде адам организміне де зиянды әсері бар.. Биологиялық және медициналық зерттеу нәтижелері көрсеткендей электромагниттік өрістердің адамның нерв жүйесіне, ішкі мүшелеріне, физиологиялық дамуына тигізетін теріс зардаптары анықталған. Электромагниттік өріс толқынының үзіліссіз аз мөлшерінің өзі ағзаның орталық жүйке жүйесіне, қорғаныш статусына, көзге кері әсер етеді, көру, есте сақтау қабілетін төмендетумен қатар, жыныстық органдардың және эмбрионның дамып жетілуі мен қызметіне де теріс ықпалын тигізеді. Ана құрсағындағы эмбрионның электромагниттік өріс толқындарына сезімталдығы ана ағзасына қарағанда анағұрлым жоғары екендігі, сондықтан жүкті әйелдердің электромагниттік өріс аумағында ұзақ болуы нәрестені туа біткен кеселдерге ұрындыратыны ғылыми тұрғыда дәлелденген. Әрине, бүгінде аталған заттарсыз, қондырғы, құралдарсыз жұмыс істеу, істі бітіру мүмкін емес. Дегенмен, оларды сақтық шараларын қолдана отырып пайдаланған абзал.
"Радиотехникалық объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" ҚР ДСМ 2018 жылғы 23 сәуірдегі № 188 бұйрығының талаптары бойынша:
Радиотехникалық бейіндегі объекті болып табылмайтын объектіде әртүрлі заңды және жеке тұлғаларға тиесілі шеңберлік және секторлық сәулеленудің бірнеше РЭҚ антенналары орналасқан жағдайда әрбір РЭҚ иесіне жеке санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алады.
Бір антеннаға жүргізілген таратқыштардың жиынтық қуаты 1000 Ваттан артық болатын көлденең жазықтықтағы шеңберлік және секторлық сәулеленудің РЭҚ таратушы антенналарын орналастыру тұрғын үй құрылысының, балалардың, оқу және емдеу-профилактикалық ұйымдардың аумағына дейін, СҚА өлшемдерін есептеу нәтижелері бойынша айқындалатын қашықтықта, бірақ кемінде:
1) антеннаны жерден 100 м жоғары биіктікте орналастырған кезде – 100 м;
2) антеннаны 50-ден 100 м дейінгі биіктікте орналастырған кезде – 200 м;
3) антеннаны кемінде 50 м биіктікте орналастырған кезде – 300 м қашықтықта радиомачталарда жүргізіледі.
Шеңберлік және секторлық сәулеленудің РЭҚ антенналарын, сондай-ақ спутниктік байланыс станцияларының антенналарын адамдардың болуына арналған ғимараттардың (өндірістік, тұрғын үй және қоғамдық ғимараттар) шатырында, мынадай шарттардың біреуі сақталған жағдайда, орналастыруға жол беріледі:
1) жоғарғы қабаттың темір-бетон жабынының болуы;
2) металл шатырдың болуы;
3) техникалық қабаттың болуы.
Радиобайланыс — радиотолқын көмегімен ақпарат алмасу. Радиобайланыс жүйесінің ақпарат беруші жағында радиотаратқыштан және таратушы антенналардан тұратын радиотарату құрылғысы, ал қабылдаушы жағында қабылдау антенналары мен радиоқабылдагыштан тұратын радиоқабылдау құрылғысы орналасады.
Радиобайланыс — бұл радиотолқындардың (электромагнитті тербеліс) көмегімен әртүрлі арақашықтықтағы ақпараттардың алмасуына арналған электробайланыстың бір түрі. «Радиобайланыс» термині - «сәулелену көмегімен болатын байланыс», яғни өткізгішті сымның көмегінсіз (сымсыз байланыс). Кеңістік антеннасының көмегімен таратқыш сәулеленеді де жер бетіне таралып келесі қабылдағышқа әсер етіп электрлік энергия электромагнитті толқын энергиясына айналады
Тарату кезінде электромагниттік толқындарды сәулелендіретін, қабылдау кезінде олардың энергиясын жұтып алатын құрылғы антенна деп аталады. Антеннаның қарапайым түрі бір жағы жерден көтерілген,бір жағы таратқышқа немесе қабылдағышқа қосылған кәдімгі сым десек болады.
Ұялы телефондар, антенналар, радиотехникалық құрылғылар денсаулыққа кері әсер етеді . Есте сақтау қабілеті нашарлайды. Танымдық қабілет төмендейді. Бойды сүлесоқтық пен бойкүйездік билейді. Ашушаң, шаршағыш жүйкесі тез құриды. Ал ұялы телефонмен ұзақ сөйлесетін адамдардың жүйкесі жұқарып, депрессиялық синдромға ұрынуы жиілейтін көрінеді. Адамдар пойызда, лифт ішінде телефонмен сөйлесіп жатады. Ең зияны да осы ұялы телефондар. Көп ата аналар балаларына осы құрылғыны ойын құралы ретінде пайдалануға жол береді. Бұл мүлде дұрыс емес. Сондықтан әсіресе ата-аналар қауымы өз денсаулығымыз, қоғам болашағы балаларымыздың денсаулығына аса назар аударып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуге шақырамыз. Өйткені ауырып ем іздегенше, алдын алған анағұрлым абзал деген бар.
А.ДАУЛЕТОВА, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы
тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің
сапасы мен қауіпсіздігін бақылау
басқармасының бөлім басшысы