Аспириннің тұрмыстық жағдайдағы пайдасы
Әрбір үйдің дәрі дәрмек қобдишасында аспирин таблеткаларының кездесері сөзсіз. Ол тек қана аурумен күреспейді. Оның пайдасы күнделікті тұрмыста да пайдасы шаш етектен. Сонымен, бүгінгі лайфхак аспириннің сиқырлы қабілетіне арналады.
Безеуге қарсы тұра алады
Маңызды кездесулерге немесе жиналысқа баратын уақытта ажарымызды кетіріп бірнеше безеудің шыға келетіні бар. Мұндай тосын жағдайдан тез құтылғыңыз келсе, аспириннің үш таблеткасын үгітіп, лимон шырынымен араластырыңыз. Нәтижесінде пайда болған қоспаны безеудің бетіне жағып, 15 минут күтіңіз. Одан кейін бетіңізді жууға рұқсат. Бұл әдістен кейін безеудің жоғалары сөзсіз.
Шаштың жылтырлығын сақтайды
Мінсіз көрінуді қалайтын аруларымыз шашын күнделікті жуады. Алайда, ол шаштың жылтыр реңкін кетіріп, сынғыштыққа алып келеді. Мұндай жағдайда сізге аспирин көмектеседі. 10 таблетканы бір стакан жылы суға салып ерітіп, дайын болған масканы шашыңызға жағыңыз. Аспирин қоспасымен жуып болғаннан кейін шашыңыз қалыпқа келіп, жаңа реңкке кенелетін болады.
Аспирин таблеткасы қосылған шампунь шаштағы қайзығақтан құтылудың ең негізгі жолы. Дайын қоспаны шашқа жағып бірнеше минут ұстаңыз. Одан кейін шашыңызды шампуньмен жууға рұқсат.
Тері дақтарын кетіреді
Денедегі тердің киімге қатты әсер ететіндігін байқаған боларсыздар. Әсіресе қолмен жуғанда. Мұндай жағдайдан шығудың бірден бір жолы аспирин таблеткалары. Бір стакан ыстық суға 10 таблетка аспиринді араластырамыз. Дайын болған сұйықтықты киімдегі даққа жағамыз. Оған 15 минут жеткіліксіз. Дақтың кетуі үшін киімді таңға дейін қойыңыз. Сонымен, киімді тазалап, жуып болғаннан кейін бірде бір дақты көзіңіз шалмайтын болады.
Майлы теріні жақсартады
Майлы тері иелеріне аспирин сөзсіз жәрдемші бола алады. Дәрі үгітіндісін бір қасық қаймақ пен балға араластырыңыз. Дайын болған қоспаны дымқыл бетіңізге жағып, 5-10 минут ұстаңыз. Одан кейін бетті жақсылап жуып, ылғалдандырғыш крем жағып қоюға рұқсат. Бұл әдісті аптасына екі рет қолдансаңыз жеткілікті.
Гүлдің реңін сақтайды
Сұлу бойжеткендердің жүрегін жаулаудың бірден бір әдісі – гүл сыйлау. Себебі, аруларымыздың барлығы сыйлыққа нәзіктіктің белгісіне айналған гүлді алуды ұнатады. Өкінішке қарай, гүлдің ғұмыры ұзақ болмайды. Тамыры жоқ, кесілген гүлдер ертелеу солып қалады. Егер де сіз оның өз ыдысында ұзақ уақыт жайнап тұрғанын қаласаңыз көмекке аспирин келеді. Гүл тұрған ыдысқа дәріні салсаңыз, ол біраз уақыт өмір сүретін болады. Әсіресе, бұл әдіс роза гүлін сақтауға көмектеседі.
Жуыну бөлмесіндегі дақты тазалайды
Әрбір үйдің иесі жуыну бөлмесіндегі қабырғаларда және қолжуғышта дақтың болғанын қаламайды. Егер де, дақ пайда болса, одан құтылудың жолын іздері сөзсіз. Мұндай жағдайда аспирин жәрдемдесуге даяр тұрады. Тазалағыш қоспаға дәрінің бірнеше таблеткасын салып, онымен дақ пайда болған жерлерді сүртіңіз. Бұл әдіс дақтың лезде кетуіне көмектеседі.
Күстен арылтады
Қыз баласының жаратылысы сұлулыққа құмар. Тіпті, аяғының әдемілігіне дейін назар аударып, оның әдемі көрінуі үшін барын салады. Әсіресе, жаз мезгілінде аяқтың аса сұлу көрінуі маңызды. Себебі, жағажайға демалысқа барғанда немесе көйлек кигенде көпшіліктің назары сіздің аяқтарыңызға түсуі мүмкін. Егер де, аяғыңызда күс бар болса, одан құтылу жолдары да бар. Лимон шырынына аспирин таблеткаларын қосып, дайын болған сұйықтықты аяқта пайда болған күске жағыңыз. Аяқты жылы жамылғыға орап, 10 минут күтіңіз. Одан кейін аяқтарыңызды жуып, пемза тасымен сүртіңіз. Нәтижесінде, аяқтарыңыздың нәзік, әрі жұмсақтығын байқайсыз.
Аспирин - механик
Аспирин таблеткасының тағы бір ерекшелігі жүрмей қалған машинаны іске қоса алатындығында. Айдалада қалып, көмекке келер ешкім болмай қалса, аспирин таблеткалары әдісімен көлікті қозғалтуға болады. Мұндай жағдайда, дистилденген аз ғана суға жарты таблетка аспиринді салыңыз да, ерітіндіні құйыңыз. Аспирин мен электролиттің реакциясынан аккумуляторда аз уақытқа арналған қуат пайда болады. Бұл көлікті оталдырып, келесі автодүкенге жетіп алуға көмектеседі.
Теріні тыныштандырады
Теріңізді ара немесе өзге де жәндік түрі шаққан болса аспирин үгіндісін жағыңыз. Бұл әдіс теріңізді тыныштандыруға көмектеседі.
Тырнақтың қаттылығын сақтайды
Тырнақты қатаң етуге аспирин таблеткалары көмектеседі. Бір стакан жылы суға 2 таблетка, 1 ас қасық тұз, А витаминінен 1 капсула және 1 шай қасық еріткіш май қосыңыз. Дайын болған қоспаға қолыңызды 10 минут бойы салып отырасыз. Одан кейін қолыңызды қағаз салфеткамен сүртіңіз. Осы әдісті бірнеше рет қайталасаңыз тырнағыңыздың мықтылығын байқайтын боласыз.
Нұр ЖІГЕРЛІ