Пикассоны құтқарған темекі
Атақты суретші Пабли Пикассо дүниеге келген кезде мүлдем жыламапты. Акушер оны өлі туылды деп палатадан шығып кетеді. Артынша бөлмеге сәбидің көкесі кіріп баланың үстел үстінде қимылсыз жатқанын көреді. Ағасының аузында сол сәтте темекі болған екен. Ол шақалақтың бетіне қарап тұрып, аузынан түтінді бұрқ етіп шығарып қалады. Сол сәтте «өлі» жатқан Пабло шыңғырып жылап қоя беріпті. Осылайша темекі қылқалам шеберінің өмірін сақтап қалған деседі.