Күміс алтынды бүлдіреді

Oinet.kz 04-06-2020 963

Егер сіз әр түрлі металдан жасалған бұйымдарды таққыңыз келсе, олар денеңізде бір-біріне тимеуі тиіс. Себебі бұл жүйке жүйесінің қысымына алып келеді.

Күміс тағудың пайдасын білесіз бе? | QAZAQSTAN DAUIRI

Сіз алтын мен күмісті бірге тақсаңыз, ашуланшақ болып кетуіңіз мүмкін. Мұндай қосынды адамның өзіне байқалмаса да жүйке жүйесін әлсіретеді. Сонымен қатар сізден адамдарды алшақтатып тұрады. Алтын мен күміс арасындағы кереғарлық айналаңыздағы адамдарға да әсер етеді. Жақындарыңыз, достарыңыз, әріптестеріңіз сіздің қасыңызда өздерін жайсыз сезінеді.  Сіз тіптен қызғаншақ, ренжігіш, екіжүзді болып көрінуіңіз де ғажап емес. Бұл әсіресе сізді бұрыннан танитын адамдарға қатты сезіледі.

 Күміс пен алтынның қосындысы сіздің иммунитетіңізді түсіреді. Күміс иммунитетті көтереді, алайда алтын оны кері жұмыс істеуге итермелейді. Алтын мен күмісті бірге көктем мен күз айларында, яғни вирусты аурулардың таралымы кезінде тақпауға тырысыңыз.Мұндай жағдай орын алмас үшін металдарды әрдайым бөліп тағыңыз.

Пикассоны құтқарған темекі
Күйзелістен арылуға басбармағыңыз көмектеседі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу