Табан микозы туралы

Oinet.kz 26-05-2020

Табан микозы терінің кең тараған кеселі болып табылады. Оны паразитті зеңдердің бірнеше түрі шақырады.

Көбінесе кім табан микозымен ауырады? Қазіргі таңда саңырауқұлақ ауруларының арасында көбіне кездесетіні табанның саңырауқұлақтық зақымдануы (табан микозы), тырнақ пластиналарының зақымдануы (онихомикоз).

Табан микозы ауруларынан сақ болыңыз - АЛТЫНОРДА

Табан микозы және тырнақ саңырауқұлақшаларынын белгілері: Саңырауқұлақшалар болған жағдайда аяқ тілімдері мөлдірлігін жоғалтады, онда ұсақ сары, ақшыл немесе сұр түсті дақтар пайда болады. Сонымен қатар саусақтар арасында баздану, қызару, ісіну пайда болады. Табанның ішкі иірімдерінде көпіршіктер, қабыршақтану, ал табаннаң өзінде қалыңдау сүйелдер, кейде жырықтар жиі пайда болып, аяқ жиі қышитын болады. Соңғы сатыда аяқтың түсі сарғаяды және тырнактары үгіле бастайды. Саңырауқұлақ жұқпасының диагнозы зертханалық зерттеулер арқылы жүргізіледі.

Алдын алу шаралары:

 - Басқа адамның бәтеңкесін кимеу, сүлгілерін бірлесіп қолданбау;

- Аяқтың дұрыс гигиенасын сақтау: ылғал аяққа нәски мен бәтеңке кимеу, кір нәскиді қайта пайдаланбау;

- Зеңдік жұқпа белгілері пайда болғанда дерматологтан кеңес алу;

 - Егер табан микозына шалдықсаңыз, отбасы мүшелеріне кесел жұқтырмау жолын ойластырыңыз;

 - Жеке гигиена ережелерін мұқият сақтау: ешқашан жалаңаяқ жүрмеу, әсіресе қоғамдық душтарда және киім шешетін орындарда;

 - Күнделікті жуылған таза шұлық кию, аяқ киімді пайдалану арасында желдету;

 - Бассеинге шомылғаннан кейін міндетті түрде резеңке кебіс киіңіз, душ қабылдаңыз.

Егер сіз өзіңізден табан микозынын белгілерiн байқасаңыз дәрігер дерматовенерологқа қаралыныз!

Табан микозы туралы
Тұмаудан сақтана білесіз бе?

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×