Акуфагия жайлы естуіңіз бар ма?

Oinet.kz 26-05-2020 772

Үндістанда дәрігерлер пациенттің ас қорыту жолдарынан 1,5 келі зат алып шықты. Олардың ішінде жаңғақ, бұрандама, зергерлік бұйымдар бар. Гуджарат штатындағы Ахмадабад қаласында Сангита есімді әйел ішінінің ауыратынына шағымданып, ауруханаға барған. Оны қараған хирург Нитин Пармар пациенттің асқазаны «қап-қатты» болғанын айтады. Артынша 40 жастағы әйел ренгтген тексеруіне жіберілген. Ол пациенттің асқазанында металл ілгек, шаш қыстырғыш, мыс сақина, ағылшын түйреуіші тәрізді көптеген бөгде зат жатқанын көрсетті. Тіпті, Сангитаның өкпесін тесіп шыққан түйреуіш асқазанына тіреліп қалған. Хирург әйелді бірден ота жасатуға жіберген көрінеді. Дәрігерлер оның асқазанындағы заттарды алып шығу үшін шамамен 3 сағат ота жасаған. Бүгінгі таңда әйел дәрігерлердің бақылауында, жағдайы тұрақты.

Хирурги во время операции достали из желудка | Пикабу

Аурухана қызметкерлерінің пікірінше, әйел акуфагия аталатын сирек кездесетін психикалық дертке шалдыққан. Мұндай дерт кезінде адам өткір заттың бәрін жұта береді екен. Әдетте, акуфагия кішкентай балалар мен әйелдердің (соның ішінде, жүкті әйелдердің), дамуында ақау бар және кедей аудандарда тұратын адамдарда кездеседі екен.

Өзіңді тұмаудан сақта!
«Қиын бала» қайтсе түзеледі?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу