«Қиын бала» қайтсе түзеледі?

Oinet.kz 25-05-2020 855

Елдің болашағы келер ұрпақта болғандықтан жастардың психологиялық, физиологиялық денсаулығы халықтың өсімі мен сапасын анықтайды. Осы тұста келер ұрпақ тәрбиесінің салауаттылығын қамтамасыз ету ең алдымен отбасы, мектеп тәрбиесі жайында қолға алынуы тиіс.

image.png

Өкінішке орай, оқушылар арасындағы нашақорлық, алкогольді пайдалану, адам өлтіру, ұрлық секілді жағымсыз іс-әрекеттер, ал соңғы уақытта суицид мәселесі өте жиі кездеседі. Мәліметтерді талдай келе бүгінгі таңдағы жастардың әлеуметтенуі, әлеуметтік ортаға бейімделуі күрделі процесс екендігін байқауға болады. Осыған байланысты көптеген педагог-психолог ғалымдардың ғылыми жұмыстары, еңбектері, мақалалары жазылып келеді, солай бола тұраса да, «қиын бала» мәселесі ең өзекті мәселе болып қалуда.

Жасөспірімдердің медициналық мәселелері бір жақты шешілмейді, сондықтан оларға кешенді медициналық – пихологиялық – әлеуметтік көмек көрсетіледі. Жастар медициналық көмекке мұқтаж болғанымен, үнемі сол көмекті алу кезінде жұмысын атқарып тұрған денсаулық сақтау мекемелерінде кедергілерге тап болады. Отандық, ресейлік және батыстық медицина тәжірибесі, жасөспірімдердің денсаулығын қорғаудағы көзқарасты өзгертуге, соған сәйкес 

- жасөспірімдердің қазіргі мінез-құлық қауіптілігі мен денсаулық мәселелерін шешуге қабілетті арнайы қызметті (ЖДО – жастар денсаулық орталығын) құру;

- еліміздің барлық өңірлеріндегі білім беру ұйымдарында сабақтан тыс уақытта балалармен және жасөспірімдермен өзін-өзі қорғау амалдарына оқытып, шұғыл жағдайлардағы оңтайлы мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру; 

- жасөспірімдермен жұмыс жасай алатын және жасағысы келетін мамандарды дайындауға қажеттілігін көрсетті. 

Жасөспірімдердің тұлғалық дамуын дер кезінде қамтамасыз етудің басты жолы – олардың әлеуметтік-психологиялық ауытқуына алып келетін факторлардан қоғамдық ортаның тазартылуы, әлеуметтік қоршаған ортаның өзінің әлеуметтік және психологиялық, адамгершілік денсаулығының тазалығы, ауытқуға себепші факторлардың дер кезінде алдын алу.

Біз «қиын бала» деп атап кеткен девиантты мінез-құлықты балалар мен жасөспірімдердің мәселелерін қарастыра отырып, әлеуметтік-педагогикалық сауықтыру және медициналық-пихологиялық көмек ретінде бағдарлама жобасын құру барысында төмендегідей жағдаяттардың қадағалауын ескертеміз:

1. Баланың жағымды қасиеттерін таба білу. Әлеуметтік педагог баланың мінез-құлқындағы ауытқушылықтарды айтып, жариялауға болмайды. Бала үшін қолайлы жағдай туғызып бала бойындағы жағымды қасиеттерді тауып, сол бойынша әлеуметтік педагог іс-әрекет жасайды.

2. Болашаққа деген сенімділіктің пайда болуы. Мектепте үнемі оқу үлгерімі төмен болғандықтан балалар өзіне деген сенімі жоғалып, болашаққа жоспар құрмайды. Мұндай жасөспірімдер үшін өзінің болашақ кәсібін көру маңызды болып табылады, бұл жағдайда әлеуметтік педагог-психологпен бірлесе отырып баланың қызығушылықтары мен мүмкіндіктеріне байланысты болашақ кәсібін анықтауға көмектеседі.

3. Болашақ кәсібін таңдаумен қатар девиантты мінез-құлықты балаларға қоғамдық жұмыстарға араласуы да маңызды болып табылады. Егер де басқа жасөспірімдер оқу, еңбек, жеке қызығушылықтары арқылы өз мүмкіншіліктерін жүзеге асырса, қиын жасөспірімдер үшін бұл орталарға ену қыинға соғады, дұрыс ұйымдастырылмаған бос уақыттың салдарынан өз күштерін қылмыстық әрекеттерге жұмсайды.

4. Жасөспірімдермен сенімді қарым қатынас орнату. Шыдамдылық пен төзімділік болашақ медицина қызметкерінің девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыста қажетті маңызды қасиеттердің бірі болып табылады.

Сауықтыру бағдарламаларын құруда баланың жеке тұлғалық қасиеттерімен қатар баланың сол кездегі күйін ескеру қажет. Бұл баланың отбасындағы немесе достары арасындағы кейілжіңмен, үйден қашу, сабақтан қалу секілді жағдайлармен байланысты болуы мүмкін.

Бір сөзбен айтқанда, жалпы білім беретін мектептердің әр мұғалімі балалардың әртүрлі санаттарымен жұмыс істеу барысында дефектолог, педагог-реабилитолог, әлеуметтік-педагог қызметтерін атқара келе қарапайым оқушылармен кәсіби-педагогикалық әрекетке дайын болуымен қатар, дамуы мен мінез-құлқында ауытқушылыға бар балалармен де түзету педагогикалық жұмыс жүргізуге дайын болуы керек.

Қорыта айтқанда, девиантты мінез-құлықты балалардың алдын алып, оларды тәрбиелеуде, түзету жұмыстарын жүргізу барысында мектеп мұғалімдерімен қатар әлеуметтік педагогтары мен медицина қызметкерлерінің рөлі өте зор. Сондай-ақ балалар мен жасөспірімдерді қоғам өміріне бейім, әлеуметтік нормаларға сай келмейтін мінез-құлықтардан бойларын аулақ ұстауға ықпалын тигізеді.

Д.ЭРМЕТОВА,

 «Психология негіздері» пәні оқытушысы, 

Түркістан жоғары медицина колледжі.

Акуфагия жайлы естуіңіз бар ма?
1723 рет қан тапсырған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу