Қайтарымы әп-сәтте болады деп ойламадым
13-09-2022
Егер теңіз жағасында демалып жүрсеңіз жағаға шығып қалған бақалшықтарды кездестірген шығарсыз. Әр елде ирелек пішінді ұлу қабыршағын жинап, оны хоббиға айналдырғандар да көп. Кейбірі үйіне сән ретінде де қойып қояды. Бақалшықты құлағыңызға тоссаңыз теңіздің шулап жатқанын және алшақта жүрген адамның айғайын да естуге болатынын білетін боларсыз. Ұлу қабыршағымен қоршаған ортадағы дауыстарды ғана естіп қоймайсыз, сондай-ақ денеңіздегі қанның жүгірген дауысын да естуге болады екен. Ол үшін «жәйбасардың» қабыршағын құлағыңызға тоссаңыз болғаны.