Қант бағасы тағы да қымбаттайды

Oinet.kz 04-06-2022 1177

Қант әлі де қымбаттайды. Күзге дейін шекер құны тағы 15 пайызға өседі деп отыр Energyprom сарапшылары. Тек бір жылда баға 60,5 пайызға көтерілген. Бұл былтырғымен салыстырғанда үш жарым есеге көп, деп хабарлайды Azattyq Rýhy КТК арнасына сілтеме жасап.

Screenshot_4.jpg

Биыл қант құны мен оған деген сұраныс бұрын-соңды болмаған дүрбелең тудырды. Шекерді Ресей арқылы тасымалдау тоқтаған тұста баға 34 пайызға көтерілсе, сәуірде 4 жарым, мамырда тағы 6 пайызға қымбаттап шыға келген. Қазір әлеуметтік дүкендерде оның бір келісі 500 теңгеден саудаланып жатыр. Ал сауда нүктелерінде 700 теңгеден басталады. Дегенмен шарықтау шегі бұл да емес дейді сарапшылар. Үкімет айтқандай, шекердің қоры толық жиналмайынша, баға күзге дейін тағы көтерілуі мүмкін.

«Күз – нағыз шаруа мен егістіктің кезеңі. Биылғы өнім сол мезгілде қайта жинала бастайды. Сонда ғана баға түседі. Ал оған дейін тағы 15 пайызға көтеріледі деп болжап отырмыз. 24 және 25 мамырдағы бағаның құбылуына да өзіндік себептер бар. Үндістан қант экспортына тыйым салды. Ол әлемдік бес ірі эспортерлердің бірі. Жаһандық логистикадағы қиындықтар да саудаға кері әсерін тигізді», - деді сарапшы Кирилл Павлов.

Күйеуіме опасыздық жасадым
Мемлекетаралық іздеуде жүрген Әнуарбек Жексенғалиев ұсталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу