Мөлшерін білмесең дәрумен де зиян
Дәрігерлер балаға өз бетінше дәрумендер беру оның денсаулығына айтарлықтай кері әсерін тигізуі мүмкін дейді. Себебі дәруменнің ағзаға сіңуіне көптеген факторлар әсер етеді: жасы мен жынысы, бойы мен салмағы, физикалық белсенділік, тұқым қуалаушылық, өмір сүру салты, зат алмасу ерекшелігі, асқазан-ішектер жолының жағдайы, өткерген аурулары және т.б.
Сондықтан балаға қандай дәрумен жетіспейтіндігін, ағзаға сіңу үшін әртүрлі дәрумендер бір-біріне кедергі келтірмес үшін қажетті мөлшерде дәруменді препаратты тек дәрігер жазып бере алады.