Витилиго жұқпайды!

Oinet.kz 26-05-2020 978

мамандар осылай дейді

25 маусым – дүниежүзілік витилиго күні. Осыған орай еліміздегі витилигоны емдейтін жалғыз орталық Түркістан облыстық тері-венерологиялық диспансерінде ауқымды акция ұйымдастырылды. Мекеме ем алушылары мен дәрігерлері бірігіп флешмоб өткізді. Шараның басты мақсаты – осы дертке шалдыққан жандардың жүрегіне сенім ұялатып, қоғамнан оқшауланбай өмір сүруіне жағдай жасау.

Витилиго - симптомы, лечение, причины болезни, первые признаки

– Витилиго дегеніміз терідегі ақтаңдақ жаралар, оның көлемі мен пішіні әртүрлі болады. Қоғамдық көліктерге осындай науқастар мінсе, барлығы «неге маска кимеген?» деп үрке қарайды, қашады, тіпті түсіп қалатындар да бар. Бассейндерде де солай, шомылуға рұқсат етпейді.  Мұндай әрекеттер кішкентай балаларға қалай әсер ететінін ойлаңызшы. Балалармен болған 2 минуттық әңгімеден соң, олар бұл жұқпалы ауру емес деп жазып жатыр. Бүлдіршіндер осыны түсініп, қабылдаған соң, барша қазақстандықтар мұны түсінуі керек деп ойлаймын. Біз осыны халыққа түсіндіріп, қалыпты жайғдай ретінде қабылдауына ықпал еткіміз келеді, –Түркістан облыстық тері-вернерологиялық диспансерінің радио-терапия бөлімі меңгерушісі Әлия Қасымханова.

Витилиго – ел арасында «алапес» аталып кеткен тері ауруы. Теріде, шашта, көздің торлы қабатында меланоциттер қызметі төмендеп немесе мүлдем жоғалған кезде ақ түсті дақтар пайда болады. Ауру кез келген жаста басталуы мүмкін, бірақ 70 пайызы жиырма жасқа дейін пайда болады. Витилигоның пайда болу себебі мен механизмі осы күнге дейін анықталмаған, сол себепті дерттің дауасы әлі табылған жоқ. Бүгінгі таңда Америкада толыққанды зерттеу жұмыстары жүріп жатыр. Ауруды тудырушы факторларға стресс, көптеген жарақаттар, шектен тыс күн сәулесін қабылдау және химиялық агенттер жатады.

Алдын алу тәсілдерінің бірі – күн көзінен сақтану. Ақтаңдақтары бар кісілер 12:00-18:00 аралығында күннің көзіне шықпауы керек. Нақты емдеу әдісі табылмаған дерт жас талғамайды, жұқпалы емес. Аты әлемге әйгілі әнші  Майкл Джексон, миллиардер Роман Абрамович, орыс актері Геннадий Ветров, Top Gear жетекшісі 

себепті дерттің дауасы әлі табылған жоқ. Бүгінгі таңда Америкада толыққанды зерттеу жұмыстары жүріп жатыр. Ауруды тудырушы факторларға стресс, көптеген жарақаттар, шектен тыс күн сәулесін қабылдау және химиялық агенттер жатады.

Алдын алу тәсілдерінің бірі – күн көзінен сақтану. Ақтаңдақтары бар кісілер 12:00-18:00 аралығында күннің көзіне шықпауы керек. Нақты емдеу әдісі табылмаған дерт жас талғамайды, жұқпалы емес. Аты әлемге әйгілі әнші  Майкл Джексон, миллиардер Роман Абрамович, орыс актері Геннадий Ветров, Top Gear жетекшісі Ричард Марк Хаммонд сынды тұлғалардың диагнозы осы дертке дөп келеді.         

Тері-венерологиялық диспансері соңғы үлгідегі аппараттармен жабдықталған. Орталықта осы уақытқа дейін 3000-нан аса науқас емделген. Емдеу процесі 4 айдан 2 жылға дейін жалғасады. Толыққанды айығып кету мүмкін емес, себебі бұл созылмалы ауру. Науқастарға күн сәулесін көп қабылдауға, консервілік тағамдарды қолдануға, сүт өнімдерін мөлшерден тыс қабылдауға болмайды.

– Осы уақытқа дейін үш мыңнан аса науқасты емдедік. Емделіп кеткен пациенттер көктемде міндетті түрде тексеріліп тұруы керек. Біз оны жіті қадағалауда ұстаймыз. Созылмалы ауру ғой, ең ұзақ 11 жыл ауыздықтадық. Осындай дертпен ауыратын адамдарға өте үлкен күтім қажет. Тамақтануын жіті қадағалау керек. Газдалған сусындар мен жылдам дайындалатын тағамдар тері ауруы бар науқастар ғана емес, барлық адамдарға зиян. Қандай қуырылған картопты бір жыл сақтауға болады? Оны жасау үшін көптеген консервілер қолданылады. Жыламаса болды деп алып бере салмай, қолдануға болмайтынын кішкентай бүлдіршіндерге түсіндіріп айтуымыз керек. Сүт өнімдерін қабылдау туралы нақты бір шешім жоқ. Өзбекстан мен Қытай медицинасы сүт өнімдерін қабылдауға қарсы. Біз емделушілерді толығымен шектемейміз, аптасына 1-2 рет қолдануына болады, – дейді Әлия Айдарбекқызы.

Аталған диспансер қызметкерлері Өзбекстан, Ресей, Канада, Италия сынды бірқатар елдерде біліктілігін арттырған. Витилигоға ота жасауды үндістандық мамандардан үйреніп, осы уақытқа дейін 50-ге жуық сәтті операция жасаған. Диспансердің дәрігері Әлия Қасымханова дүниежүзілік витилиго қорының мүшесі екен. Басты штабы АҚШ-та орналасқан қордың қазақстандық медицинаның өркендеуіне тигізіп жатқан көмегі мол. Емдеу тәсілдері де сан алуан. Ең тиімді әдістердің бірі – УК сәулеленуді қолдану. Дәрігерлер УКА (315-400 нм) және УКВ (280-315 нм) бір флэшпен біріктіруді ұсынады. Сондай-ақ зардап шеккен аймақтардағы пигментацияны қалпына келтіруге көмектесетін түрлі емдік кремдер мен таблеткалар бар. Алайда, басым көпшілігі гармоналды дәрілер болған соң, дәрігердің нұсқаулығынсыз қолдануға тиым салынады. Жеке топта әртүрлі хирургиялық процедуралар арқылы пациент меланоциттері ауыстырылады. Бұл тәсіл тек кішігірім залалдар үшін ғана тиімді. Зерттеу жұмыстарының көптігіне қарамастан, витилиго дәрігерлер үшін құпиясы ашылмаған дерт болып қалуда. Ғалымдар витилиго диагнозы бар емделушілерге теріні біркелкі түсті қайтаруға мүмкіндік беретін дәріні немесе әдісті іздестіру үстінде.


Суықпен емделу. Криотерапияның құпиялары
Мөлшерін білмесең дәрумен де зиян
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу