ҰҚК-ға қосылған антикор қалай жұмыс істейді?
Ұлттық қауіпсіздік органдары күні қарсаңында ҰҚК төрағасы Ермек Сағымбаев Kazinform агенттігіне берген сұхбатында Президент Жарлығымен комитеттің құрамына енген антикордың алдағы уақытта қалай жұмыс істейтінін айтты.
--Бұл шешімді стратегиялық маңызы бар қадам деп айта аламыз. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытты ҰҚК-ге қосу арқылы жемқорлықпен күресті мүлдем жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік алдық. Комитеттің аналитикалық, жедел және техникалық мүмкіндіктерін антикоррупциялық құралдармен біріктіру бізге ауқымды әрі жүйелі заңбұзушылықтарды анықтауға көбірек жағдай жасайды. Қылмыстың түпкі себептерін де жоюға жол ашады. Қазір біз Жарлықтан туындайтын қадамдық іс-шаралар алгоритмін жасап жатырмыз, соның ішінде тиісті нормативтік-құқықтық база әзірленіп жатыр. Үкіметпен және Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірлесіп, бұрынғы ведомствоның функцияларын және өкілеттіктерін беру мәселелері қарастырылған. Бұның бәрі күрделі және көпсатылы процесс. Дегенмен жаңа қызметтің жұмысы бір сәтке де тоқтаған жоқ.
Мемлекет басшысы атап өткендей, сыбайлас жемқорлықпен жүйелі күресу — өте қажетті іс болып тұр. Заң мен тәртіпті нығайту жағы азаматтардың құқықтары ме бостандықтарын қорғаудың негізі болуға тиіс. Осы міндеттер орындалмайынша әділетті мемлекет құру мүмкін емес,--деді төраға.