Сәкен Мамаш алты жылға сотталды

Oinet.kz 18-07-2025 44

Screenshot_1.png

Астанада Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі  елшілігінің бұрынғы кеңесшісі Сәкен Мамашқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты. Ол бұрынғы зайыбы Карина Госманға (Мамаш) тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсетіп, азаптады деген айыппен сотталды, деп хабарлайды Orda.kz.

Сот үкімін Астананың Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Артур Абдыханов жариялады.

«Сәкен Мамаш Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 110-бабы 2-бөлігінде көрсетілген қылмыстық құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылсын. Оған орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеу арқылы алты жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын», — деді судья.

Айыптау тарабы бұрынғы дипломатты алты жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын. ҚР ҚК-нің 110-бабы 2-бөлігі төрт жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. Бұрын сотталмаған адамдарға, әдетте, ең төменгі жаза тағайындалады.

Карина Госман 2024 жылдың мамырында Біріккен Араб Әмірліктерінен Қазақстанға оралған. Оның айтуынша, ол сол кезде елшілікте кеңесші қызметін атқарған жұбайының тарапынан он жыл бойы жүйелі түрде зорлық-зомбылық көрген.

Каринаның балалары және сіңлісімен бірге Қазақстанға оралуына сыртқы істер министрлігі мен «#НеМолчи.kz» қоры көмектескен.

Олар Астанадағы «Қорғау» дағдарыс орталығында тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған баспанада тұрған. 2024 жылғы 10 мамырда Сәкен Мамашқа қатысты қылмыстық іс қозғалып, ол дипломатиялық қызметінен шеттетілді. Сол жылдың қазан айында Карина Госман бұрынғы жұбайымен ресми түрде ажырасып, Мамаш деген тектен бас тартқан. Алайда кейбір жеке құжаттарда бұл тегі әлі де сақталып отыр.

 


Перизат Қайрат диплом сатып алмақ болған ба?
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу