Олжас Бектенов Әділбек Жақсыбековтың күйеу баласы ма?

Oinet.kz 15-07-2025 45

Screenshot_2.png 

Премьер-министр Олжас Бектенов әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Orda.kz.

Астанада өткен баспасөз мәслихатында журналистер премьер-министрден «Сіз шынымен Әділбек Жақсыбековтің күйеу баласысыз ба? Егер олай болмаса, онда кімнің күйеу баласысыз?» деп сұрады.

Бектенов бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«Бұл мәлімет шындыққа сай емес. Мен қазіргі немесе бұрынғы ешбір шенеунікпен туыстық байланыста емеспін. Мен – қарапайым қазақстандық отбасының күйеу баласымын. Ал қай отбасыға күйеу бала екенім – жеке мәлімет, оны жариялауды қажет деп санамаймын. Сіз атаған ақпарат – жалған», – деді премьер-министр.

 


Перизат Қайраттың шетелде оқығаны өтірік болып шықты
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу