Сүйек – буын туберкулезі

Oinet.kz 25-05-2020 1152

Туберкулез ауруы адам ағзасына туберкулез таяқшаларының енуіне пайда болатын инфекциялық жұқпалы ауру екендігі екінің біріне мәлім. Туберкулезге тыныс ағзалары жиі шалдығады. Сонымен қатар бұл деректе сирек те болса ми, ми қабықшасы, сүйек буын, лимфа бездері,бүйрек , жыныс ағзалары , көз, ішек және басқа да ағзалар мен мүшелер де ұшырайды.

Сүйек буын туберкулезі | KazMedic

Сүйек – буын туберкулезі – өте ауыр, созылмалы жұқпалы ауру. Ауруға шалдыққан адам көп уақыт жұмысқа жарамай, жарым-жан, тіпті мүгедек болуы да мүмкін  сүйек – буын туберкулезі адам организміне туберкулез ауруының қоздырғышы түскенде басталады. Ауру туберкулезбен ауыратын кісілерден, малдан, құстан жұғады. Туберкулез микробы адам организміне көбіне тамақ бездері және ішек арқылы әртүрлі жолдармен өтеді. Туберкулез ауруы шаң-тозаң арқылы және аурудың ыдыс-аяғы, киім-кешегінен де беріледі. Туберкулез микробы тыныс жолдары және тамақ ішкенде ауыз арқылы ішке кіріп, қан тамырларына түседі де тіндерге, оның ішінде сүйек тіндерінде тарайды.  Организмі онша өсіп жетілмегендіктен қорғаныс қабілеті нашар болғандықтан, сүйек-буын туберкулезімен әсіресе балалар көп ауырады.

Ауру сүйектен басталып, біртіндеп жақын буынға жайылады. Жаңадан қозып келе жатқан сүйек туберкулезі ұясы, көп жағдайды ұзақ уақыт өзінің   бастапқы жағдайын тез өзгерте қоймайды. Науқастың білінуіжалпы организмнің улану белгілерінен басталады. Ауырған адам әлсіз, ашушаң болады, жұмысқа қабілеті төмендеп, асқа тәбеті тартпай, кешке қарай дененің қызуы 37,2 – 37,5 градусқа көтерілуі мүмкін. Жалпы организмнің улану белгілері әсіресе жас балаларда өте айқын көрінеді. Олар сылбыр, көңілсіз, бозарып, үлгерімі төмендеп ойлағанда шаршағыш келеді. Кейде түнде ұйықтап жатып айқалайды.

Туберкулин таяқшасы организмге микробтың түскен белгісін білдіреді, қан талдауында да өзгерістер болады. Бұл туберкулез үдерісі дамып, сырқат белгілері пайда болады деген сөз.

Омыртқа туберкулезі сүйек – буын туберкулездердің арасында бірінші орында. Ауырған адам кейде аяқтың әлсіздігін сезеді.

Адам қимылдағанда кібіртіктенгені байқалады:  иіліп – бүгіліп, еңкейгенде, әсіресе отырып-тұрғанда ауырған жер айқындалып, тіпті қай омыртқа зақымдалғаны белгілі болады. Кісі тез шаршап, жұмыс күнін үлкен қиындықпен аяқтайды. Кейде аяқ әбден әлсірегендіктен жүру мүмкіншілігінен айырылады. Асқынған кездегі іркілмелі ісіктер омыртқа туберкулезінің айқын белгілері. Сонымен қатар омыртқада анатомиялық өзгерістер пайда болады, жұлын зақымданады. Жұлынның зақымдануы аяқтың толық салдануына және қуықтың ішектің жеткіліксіз жұмыс жасауына алып келеді. Омыртқа ішіндегі туберкулез ұясын өте жақсы жетілдірілген пентинограммада ғана көруге болады.

Вакцинация не вызывает аутизма
Наурызкөже – мың бір дертке дауа
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу