Бақадан сусын жасайды
Естімеген ел де көп. Перуде бақаладардан жасалған сусын әзірлейтін кафе бар екен. Сусынның рецепті мынадай: тірі бақа, бұршақ жармалары, бал, алоэ шырыны және көкнәрды араластырып блэндерден өткізеді. «Коктейль» дайын. Кафе меңгерушісінің айтуынша сусынға сұраныс көп екен. Себебі ол түрлі ауруларға ем дейді. Мәселен демікпе, бронхит кеселіне шипа көрінеді. Сондай-ақ бақа сусыны еркектердің әлсіреген қуатын арттырады-мыс.