Айықтырғыштың пайдасы

Oinet.kz 20-02-2020 884

Screenshot_2.jpg

Ресейде тұңғыш рет айықтырғыш бөлмесі 1902 жылы Тула қаласында дәрігер Федор  Архангельскийдің бастамасымен ашылған. Айықтырғыш бөлмесіне дейін көшеде аунап жатқан маскүнемдерді полиция әкететін. Тәртіп сақшылары олардың естерін жиғызу үшін үстеріне мұздай суды құятын. Осы жағдайдан кейін көптеген ішімдікке құмарлар суықтап, ауруы асқынғаннан көз жұмған. Жаңа бөлімшеде мастарды айықтырып қана қоймай оларға қосымша ем-дом жүргізілетін болған. Айықтырғыш бөлмесі ашылғанан кейін бір жыл ішінде қалада көшедегі маскүнемдердің өлім-жітімі бірден 70 пайызға төмендеген көрінеді. 

Что такое эффект плацебо
Дәрігер - жанкешті мамандық
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу