Сұлулық әлемінде «Еуропалық көз» синдромынан көш бастап келеді

Oinet.kz 05-02-2020 1206

0aa88233c0c5407165139c01b09aa490.jpg

Қазір медицинаның мүмкіндігі шексіз. Ақ халаттылар бүгінде адамның ағзасын алмастырудан бастап құлақ, мұрынды да өсіріп жатыр. Медицинадағы бұл төңкерісті нәзік жандылар өз пайдасына жаратуда. Пластикалық отаның сұранысқа ие болып тұрғаны осыдан шығар.  Кейінгі кезде елімізде сұлулық үшін «пышаққа» түсетін қыз-келіншектердің қатары  көбейді. Пластикалық хирургтар басыңыздан бастап башпайыңызға дейін өзгертіп беруге әзір. Әсіресе сән әлемінде «еуропалық көз» синдромы белең алып, азиялық пішінді көздеріне көңілі толмаған арулар ота арқылы жанарын үлкейтіп жүр. Яғни көзінің қабағы жоқтар жасанды қабақ жасатып, бота көзге айналуда. Медицина тілігде мұндай ота блесфаропластика деп аталады.

Блефаропластика дегеніміз не? Блефаропластика — көздің, қабақтың айналасындағы кем-кетікті жою,  көзді үлкейту. Блефаропластиканы жасаған кезде сығыр көздер үлкейеді. Отаның мәні көздің астында күлдіреп тұрған артық теріні, бұлшықет талшықтары мен майлы жасұнықты немесе салбырап тұрған қабақтың бір бөлігін алып тастауда. Шұғыл араласу жергілікті анестезиямен (көбінесе күре тамыр ішіне салынатын наркозбен немесе транквилизаторлармен қамтамасыз етілген седациямен үйлесімде) жасалады және әдетте 30- 40 минуттан көпке созылмайды. Қабақты кесу соңында тыртықты байқалтпайтын табиғи қатпар бойымен жүргізіледі. Салбырап тұрған қабақты алу кезінде кейін теріні тігу арқылы артық тері мен жасұнық алып тасталады. Көздің астындағы күлдіреп тұрғанды алу үшін блефаропластиканың екі түрі қолданылады. Классикалық түрінде төменгі қабақтың терісін кесу мен артығын алып тастау көзделген. Трансконъюктивальды блефаропластика кезінде тіннің артығын көздің шырышты қабығы бойымен өтетін тілік арқылы алып тастайды. Бұндай тілік көзге көрінетін тыртықтың болмауына мүмкіндік береді, өйткені бұл жағдайда ол төменгі қабақтың шырышты қабығында орналасқан. Ота жасау барысында көптеген ерекшеліктер болады, оларды жете сақтаған кезде ғана мінсіз нәтижеге қол жеткізуге болады. Блефаропластика күрделі шұғыл араласу қатарына жатады және ол стационар жағдайында ғана жүргізілуі тиіс.

Отаның тарихы. Блефароплстика  өзге косметикалық оталарға ақарағанда ерте дамыған. Ол туралы жазбалар біздің заманымызға дейінгі 10 ғасырда кездеседі. Әйгілі шипагер Ибн Сина  қабақтың артық терісін алудың жолдарын жазып кеткен екен. Ал еуропада қабақ отасы жайлы тек 18 ғасырда ғана айтыла бастаған. Еуропалық дәрігерлер қабақтың қатерлі ісігінде осындай ота жасаған көрінеді. Бертін келе бұл мәжбүрліктен емес косметикалық мақсатта жасала бастады. Ең алғашқы кәсіби блефаропластиканы 1906 жылы америкалық хирург дәрігер Чарльз Миллер жасаған

«Еуропалық көз» синдромы жас талғай ма? Хирургтардың сөзінше отаның бұл түріне мектепті енді ғана бітірген 17 жастағы қыздар мен сұлулығын күтіп баптауға дағдыланған 80-дегі қарияға дейін жүгінеді екен. Демек, еуропалық синдром жас талғамайды. Тек  пациенттің жасына қарай отаның тәсілі өзгереді.  Жас қыздардың көзіне  ота кеспей жасалады. Мамандар мұны  «сангапури» деп атайды, яғни 17-20 жас аралығындағы қыздарға ғана жасалады. Ал жиырмадан асқандарға  ота  кесу арқылы жасалады. Тері мен оның май қабаты кесіліп, қабақтың үстіне қатпар салынады.

Көш алдында келеміз. Статистикалық мәлімет бойынша елімізде қабақ жасату бірінші орында тұр екен. Бұл блефаропластиканың Қазақстанда жақсы дамығанын айғақтайды.  Деректерге қарағанда Ресейде көбінесе бір типті көздерге арналған оталар жасалады екен. Ал отандық мамандар  фор­масы жағынан да әртүрлі, екеуі екі түрлі көздерге ота жасап жатыр. Қырғыз, өзбек, ресейліктер де  қабақтарын біздің дәрігерлерге келіп түзетуге құмар көрінеді. Әрі біздің елде қолжетімді бағаға айқабақ болып шыға келесіз. Блефаропластиканың республикадағы құны 80-100  мың теңгеден басталады. 

Мұны кімдер жасатты?  Косметикалық операция азиаттар арасында бүгінде бірінші орында тұр. Шығыс Азияның көптеген әншілері мен әртістері қабақ пластикасын жарыса жасатып жатқаны ешкімге құпия емес. Олардың арасынан белгілі жапон әншісі Аюми Хамасаки мен әйгілі актер Джеки Чанның да есімі естіліп қалады. Олардан біздің эстарда жұлдыздары да қалыс қалып жатқан жоқ. Мәселен Маржан Арапбаева осы әдіспен қабақты болғанын ингстаграм парақшасында ашық жазған. «Әдемі болу айыпты іс емес қой. Алайда уақыт өзінікін алады емес пе? Соңғы кездері жас қыздар арасында да , үлкендер арасында да косметологқа бару, түрлі процедуралар жасату, дәрумені көп екпе егу, пластикалық отаға жүгінушілер қатары көбеюде. Оған себеп медицинаның дамуы, білімді пластикалық ота жасайтын дәрігерлердің жасаған жұмыстарының керемет нәтижесі. Жақында мен де көзімнің қабағына блефаропластика жасаттым. Нәтижесі көңілімнен шықты» дейді әнші. Бұл тізімде отандық әнші Жеңіс Ысқақова да бар.

Сұлулық үшін пышаққа түсу қаншалықты қауіпті? Бір қарағанда бұл өте қарапайым операция болып көрінуі мүмкін. Десе де пышаққа түскен соң , тәуекелге бел буатының анық. Дәрігерлер хирургиялық рәсім көздің көру функциясына әсер етпейді дейді. Дегенмен жоғары қабақтың артық терісі дұрыс қарауға кедергі жасайды. Сондай-аақ  қабақ пластикасы мынадай асқынуларға алып келуі мүмкін: эктропион, тері астындағы гематома, көздің жасаурауы, диплопия, құрғақкераконьюктивит. Көз саңылауының жартылай қабысуымен байланысты ісіну, көздің қызаруы да орын алуы мүмкін. Тігістерді отадан кейінгі 7-8 тәулікте шешеді. Сонымен қатар операция салдарынан кейде көздің үстінде үлкен тыртық қалады немесе қабақтағы қатпар тым үлкен болып өте жасанды екені байқалып қалады. Егер хирургтың қолы ауыр болса көз екі түрлі болып шығуы ғажап емес.  Көз алмасының артынан қан кету және қан жиналумен байланысты ретробульбарлы қанды ісік блефаропластиканың ең қауіпті асқынуы болып табылады. Бұндай қанды ісік көз тамырын қысу салдарынан көруді нашарлатуы мүмкін. Қабақтың төмен түсуі немесе түсіп кетуі жоғарғы қабақты көтеріп тұратын бұлшықеттегі ұсақ жүйкені зақымдау салдарынан туады. Қабақты сыртқа айналдырғанда көрінетін эктропион теріні артық тілу салдарынан пайда болады. Лагофтальм – көз саңылауының жартылай қабысуы ерте отадан кейінгі кезеңдегі қалыпты құбылыс болып табылуы мүмкін, алайда оның ұзақ уақыт болуы қабақ тінін артық тілуді бідіреді. Сондықтан мамандар алғашқы 2-4 ай ішінде дұрыс сулы-тұзды режим сақтау қажеттігін айтады. Барлық дәрі-дәрмекті емдеуді тек дәрігер келісімі бойынша орындау тиіс. Артық қыламын деп тыртық қылмас үшін көз пішініңізді өзгертпес бұрын дәрігермен кеңесіп, бүкіл жағдайды егжей-тегжейлі талқылау керек. Есіңізде болсын: отадан кейін бұрынғы қабақ пішінін қайтару мүмкін емес.

Айқабақ кімдерге арман? Жоғарыда блефаропластика жас талғамайтынын айттық. Әйтсе де бұл барлық адамға жасауға болады деген сөз емес. Хирург  дәрігер егер сізде  жүрек-қан тамыр аурулары, қант диабеті және  қан аурулары болса онда отадан үзілді кесілді бас тартады.

Вы думали вы в папу? Ошибаетесь! Немного фактов из мира генетики
Омырау имплантатымен бала емізуге бола ма?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу