Дәрі ішіп өліп қала жаздады

Oinet.kz 20-01-2020 1001

1993 жылы АҚШ президенті үлкен Джордж Буштың көмекшісі Антонио Бенеди кенттен комаға түсіп қалады. Жедел түрде ауруханаға жеткізілген науқасқа бауыр жетіспеушілігі диагнозы қойылады. Көп ұзамай оған трансплантация жасалып, бауыры ауыстырылады. 

Screenshot_30.jpg

Дәрігерлер күрделі операцияны бастан кешірген науқастың неліктен аяқ астынан мұндай халге жеткенін зерттейді. Сөйтсе Антонио күніне 3-4 бокал шарапты үздіксіз ішіп жүрген екен. Суық тиіп ауырғасын құрамында парацетамолы бар тайленола таблеткасын төрт күн қабылдаған. Осыдан кейін Бенеди өзін нашар сезініп, жағдайы күрт нашарлаған. Кейін анықталғандай парацетамолды алкогольді ішімдікпен бірге қабылдауға мүлдем болмайды екен. Ол бауырдың жұмысын бірден тоқтататын көрінеді. Ал дәрінің қарсы көрсетілімдері туралы қорапта жазылмаған болып шықты. Осыны пайдаланған пациент фарматевтикалық компанияны сотқа беріп, 9 миллион доллар талап еткен. Арызданушы сотты жеңіп шығады. 

Бала емізу және емшек күтімі тәртібі
Ресейде пенициллин қалай пайда болды?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу