Бала емізу және емшек күтімі тәртібі
Ана сүтінің пайдасы
Бала емізу адамзаттың ежелгі заманнан бері ұстанып келе жатқан және денсаулыққа өте пайдалы дәстүрлерінің бірі. Қазақтың «Ана сүті-–-бал» дегеніндей, адам өмірінің алғашқы 6 айы ішінде ана сүтіне тең келер ешбір ас жоқ. Себе¬бі:
- Оның құрамында нәрестенің дені сау әрі күшті болып өсу¬іне қажетті нәрлі заттардың барлығы бар;
- Ана сүті оңай қорытылады;
- Сүтте алғашқы айларда нәрестені қабынулардан (инфекциялардан) сақтай¬тын иммундық заттар бар;
- Ана сүті әрқашан таза;
- Ол әрдайым керекті жылылықта;
- Ол тегін;
- Ол аллергия туғызбайды;
- Емізгенде ана мен бала ерекше жақындық пен қауіпсіз¬дікті сезінеді.
Қалай емізу керек?
Күндіз болсын, түнде болсын, балаңызды қарны ашып емшек сұраған сайын емізетін болыңыз. Жас нәресте¬лер, әсіресе алғашқы айларда, әр 1-3 сағат сайын емгісі келіп тұра¬ды. Нәресте қашан және қанша уақыт емгісі келсе, сонша емізіңіз. Ол емген са¬йын емшектегі сүт бітіп қалмайды, қайта түзіле береді. Алғашқы айлардан кейін, балаңыздың біртіндеп әр 3-4 сағат сайын емуге көшетінін байқайсыз.
Ана сүтінің құрамы емізген кезде өзгеріп отырады. Алдымен шыққан сүттен гөрі бірнеше минуттан кейін шыға бастай¬тын сүт майлырақ болады. Нәресте осы майға өте мұқтаж. Сондықтан емізгенде ол алдымен бір емшекті еміп босатсын. Тоймаса, екінші емшекті ұсыныңыз. Келесі рет емізгенде, бала¬ға соңғы рет еміп тауыспаған немесе (егер тауысқан болса) ембеген емшекті беріңіз. Осылайша сіз емшектің екеуін де жүйелі түрде босатып отырасыз.
Баланы қалай ұстау керек?
Баланы емізгенде ол қиналмай еміп, жұта алатындай ұстаңыз. Өзіңіз де ыңғайланып отырыңыз немесе жаты¬ңыз. Сонда сүт жақсы шығады. Баланың басын қолыңызға қойы¬ңыз. Оның басы мен денесі түзу болсын.
Баланы емшекке жақындатып, ұшы¬мен оның үстіңгі ернін қы¬тықтаңыз. Ол аузын кеңірек аш¬¬қан¬ша күте тұрыңыз. Содан соң е쬬шекті салыңыз. Емшектің ұшы ғана емес, ай¬нବласындағы қоңыр дөң¬ге¬леꬬ¬¬¬¬тің бі¬раз бөлігі де оның аузына кіруі керек.
Бала емізу өзіңізден де, сәбиіңізден де табандылық пен тө¬зімділікті талап етеді. Оған үйрену үшін сізге де, нәрестеңізге де уақыт және жаттығу керек.
Емшек күтімі
Сүт шыға бастағанда (екінші, үшінші күндері) емшек көбіне қатайып, іседі. Бала емшекті дұрыс еме алмай, оның ұшы жары¬¬лып немесе ауыра бастауы ықтимал. Сол кезде азырақ емізгіңіз келуі мүмкін, бірақ олай етсеңіз сүт те азырақ бөлінетін болады.
Сіздің былай істегеніңіз жөн:
- Мүмкіндігінше емізуді бала туғаннан кейінгі алғашқы сағат¬тан бастаған дұрыс;
- Балаңызды дұрыс ұстаңыз. Егер емшегіңіз қатайып, нәрестеңіз жақсы еме алмай тұр¬¬са, аздап сауып тастаңыз, жұмсарған емшекті енді балаға сор¬ғы¬¬¬зу¬¬ға болады.
Емізіп болғаннан кейін азғантай емшек сүтін емшек ұшына, оның айналасына жағыңыз.
Емшектің қабынуы
Егер емшектің ісігі басылмаса, бұның себебі мынау – Сүт емшектің ұшын¬дағы сүт шығаратын жолдардың бірі немесе бір¬нешеуі арқылы өте алмай жатыр. Емшегіңіздің бір бөлігі ісіп, қатайып ауыра бастайды, жиі қызу көтеріледі (37,5°--тан жоғары). (Мұндай қабыну мастит деп те аталады.)
Сіздің былай істегеніңіз жөн:
- Емізер алдында қабынған емшекке қайнаған жылы суға малын¬¬ған таза шүберек басыңыз;
- Әсіресе ауырып тұрған емшекті емізуді жалғастыра бе¬ру өте маңызды. Оның сүті балаға еш зиянды емес;
- Бала еміп жатқан кезде емшектің ісініп қатайған жерін ұшы¬¬на қарай жайлап сипалап, уқалаңыз;
- Сүт емшектің барлық бөліктерінен де шыға алу үшін әр түрлі қалыпта отырып не жатып емізетін болыңыз;
- Егер мүлдем емізе алмасаңыз, сүтті қолмен сығып шыға¬ры¬ңыз немесе «жылы бөтелке» әдісін қолданыңыз. Киіміңіз кең болсын, мүмкіндігінше көбірек демалы¬ңыз.
Емшектің қабынуы көп жағдайда бір тәулікке созылады. Егер қызуыңыз көтеріліп (37,5° не одан жоғары), ол бір тәуліктен ұзаққа созылса, дәрігермен байланысыңыз.
Ш.КАБЛАНОВА,
Нәрестелер патологиясы және шала туған сәбилер күтімі, сырқат бөлімшесінің аға медбикесі,
Т.АБУОВА,
Нәрестелер интенсивті терапия бөлімшесінің аға медбикесі