Ревматизм және одан емделу жолдары

Oinet.kz 10-02-2018 975

What-Are-Rheumatic-Diseases-1440x810-compressor.jpg

Ревматизм – дәнекер тіндерді, негізінен жүрек-қантамыр жүйесі мен буындарды зақымдайтын жұқпалы аллергиялық ауру. Аурудың пайда болуы, өршуі А тобына жататын бетагемолитик, стрептококк бактериясына және организмнің тұқым қуалайтын ауруларға бейімділігіне байланысты.

Ревматизммен негізінен жасөспірімдер – 7-15 жас аралығындағылар ауырады. Аурудың белең алуы баспа, скарлатина, фарингит ауруларынан кейін 1-2 апта өткен соң басталады. Аяқ астынан дене қызуы көтеріліп, тізе білезік, шынтақ, иықтың буындары қызарып, ісінеді. 

Табан, балтыр буындарының ісінуін полиартрит деп атайды. 10-12 күннен кейін буын ісігі басылып, дене қызуы қайтады. Егер ауру асқынса, жүректі және оның барлық қабаттарын эндокард, миокард, сондай-ақ клапандар және перикард зақымдайды. Мұны ревмакардит деп атайды. Бұл кезде науқастың жүрек соғысы жиілеп, ентігеді, әлсіздік пайда болады, дене температурасы көтерілуі мүмкін. 

Ревматизм бірте-бірте басқа органдар мен тіндерді, әсіресе, жүйке жүйесін зақымдайды. Сондықтан да ревматизм әлемдегі өте қауіпті ауру саналады. Асқынып кетсе, созылмалы түріне ауысса, науқас мүгедек болып қалуы да мүмкін. Бұл жасөспірімдер мен жұмысқа қабілетті адамдар арасында еңбекке жарамсыздықты көбейтеді. 

Н.ЖОЛТАЕВ, 

№3 Шымкент қалалық емханасының ревматолог дәрігері

Отбасылық дәрігер деген кім?
Әйел – ана, әйел – дәрігер, әйел – жар!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу