Әйел – ана, әйел – дәрігер, әйел – жар!

Oinet.kz 10-02-2018 1621

 Screenshot_24.jpg

Басқа елде қайдам, Қазақстанда көктем мезгілі Халықаралық әйелдер күні меркесімен бірге келеді. Содан ба, әйтеуір әйел мен көктемнің ұқсастықтары көп. Ең негізгісі – екеуі де өмір бастауы. Көктем де мейірімін төккен анадай шуағын шашып, жанға жылылық сыйлайды.

Көктемнің алғашқы мерекесі қарсаңында әйелдер көп еңбек ететін денсаулық саласы қызметкерлеріне әрқайсысына әртүрлі сұрақтарымызды қойып, ойларын білген едік. Оңтүстікқазақстандық дәрігерлердің пікірлерін назарларыңызға ұсынамыз.

Қазақ әйелінің қоғамдағы рөлі

Шырын Әлиева,

Оңтүстік Қазақстан облыстық клиникалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

– Жалпы әйел адамдардың қоғамдағы рөлі маңызды. Әйелдер қауымы қоғам мен мемлекет ісіне келгенде ер азаматтардан кем белсенділік танытып отырған жоқ. Яғни, әйел азаматтар тек отбасы төңірегінде ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік қызметте, бизнесте, денсаулық сақтау мен білім-ағарту жүйесінде жемісті жұмыс істеп жатыр. Сонау қиын-қыстау жылдарында елдің еңсесін көтеруге атсалысудан бастап, бүгінгідей әлемге танылып, бәсекеге барынша қабілетті мемлекет болуға ұмтылып отырған заманда да әйелдер қауымының қосқан үлесі шексіз. Олардың соңғы уақытта қоғамдық жұмысқа етене араласуы байқалып, саяси қызметтерде өсуі бекіді, мемлекеттік қызметтерде де нәзік жандылардың салмағы айтарлықтай артып келеді.  Мемлекет ісінде жоғары, жауапты қызметтер атқаратын әйелдер қауымы өздерінің білікті басшылығымен ерекшелініп қана қоймай, Отанымыздың жетістіктеріне де тың дем беруде.

Халықаралық мейрамының маңызы

ГүлнарКөлбаева,

№6Шымкент қалалық емханасының  бас дәрігері:

Халықаралық әйелдер мейрамына асабір құрметпен қараймын. 8 наурыз нәзік жандардың ең ерекше мерекесі. Бұл күн әйелдерге зор құрметпен қарауды, оларға айрықша ізет көрсету, лайықты деңгейде құттықтау дәстүрі жағымды әдетке айналды.Ал өзім үшін үш ұлымүйге келіп отбасымыздың басын қосатын тосын сыйларға толы мейрам.  Тәуелсіздік алған күннен бері Қазақстанда мақсатты түрде гендерлік саясат сауатты жүзеге асырылып келеді. Мұның арқасында әйелдерге өздерінің кәсіби және шығармашылық әлеуеттерін жүзеге асыратындай толық мүмкіндіктерге жол ашылды. Дәл осы бағыттағы Елбасы негізін қалаған мемлекеттік саясатана мен баланың әлеуметтік қорғалуын, отбасы құндылықтарының бірінші кезекте қаралуын назарға алып, осы мәселелерді ұдайы қолдап келеді.Бұған Мемлекет басшысының еліміздегі түрлі салаларда абыройлы қызметімен көзге түсіп жүрген нәзік жандыларды құттықтауы да дәлел. Елбасының 8 наурыз қарсаңында жыл сайын әр саланың үздік әйелдерін «Көктем шуағы» атты салтанатты қабылдауы дәстүрге айналған. Олардың қатарында сала басшылары, әскери қызметкерлер, бизнесмендер, дәрігерлер, мұғалімдер, мәдениет қайраткерлері болады. Кез-келген қыз-келіншек осы салтанатты іс-шараға баруды армандайды.

Бақыттыболудың жолы

Бағила Өтеулиева,

Мақтарал аудандық «Асықата» ауруханасының бас дәрігері:

– Сенесіз бе,өмірге келген пенденің бәрі бақытты. Дегенмен қыз ғұмырдың керуені ана болуға келіп жалғасқан кезде өмірдің 50 пайызы өзгереді. Қыздың мұраты әуелден-ақ кету, ал бақыты – ана болу. Қыздардың көп бөлігі ана болу бақытын дұрыс сезінбеген кезде ғана бақытсыз. Жалпы, ана болудың астарында қандай сезім бары белгілі. Ана болу – өз анаңның қадірін шын сезіну. Анасының қадірін көп адам жоғалтқанда және өзі ана болғанда ғана сезініп жататыны сондықтан. Ана деген сөздің астарында ауырлық, бақыт, махаббат мен сүйіспеншілік те жатады. Әйел адам ана атанған күні өз өмірінің анасының жан-қиналысымен өрілгеніне көзі жетіп, оған деген құрметі тағы да арта түседі. Ана болудың басты мақсаты да осы ма дерсің.

Тағы бір айтарым бүгіннен бастап өмірге мүлдем басқаша көзбен қараңыз.Күліңіз,мұңайған сәтте де жәй ғана жымия біліңіз.Үнемі бітпейтін тұңғиық ойдан арылыңыз. Ойланыңыз,бірақ көп ойға бату денсаулыққа кері әсерін тигізетінін  ұмытпаңыз.Досыңыздың,дұшпаныңыздың жеткен жетістігіне бірге қуаныңыз.Олардың бақытты сәтінде сізде өзіңізді бақыттымын деп есептеңіз. Өткен әр секунд,минут,сағаттың өмірден алар орны бөлек.Ойламаған,тіпті күтпеген жерден,сізден асқан бақытты жан болмайтындай күйге ене аласыз.Арайлап атқан таң мен манаурап батқан күннің ішіндеде бақытты жан екеніңізді ұмытпаңыз.

Бастысы – ықылас

Элмира Қожахметова,

Шымкент қалалық №2 перзентханасының бас дәрігері:

– Көктем– жер бетіндегі бар тіршіліктің жаңаратын кезі. Ал Халықаралық әйелдер күніне көктем мезгілінде гүлден артық сыйлық жоқ деп ойламын. Қыздарды гүлдерге теңеп, гүл сыйлағанды жөн санаймын. Ер азаматтар қымбат сыйлық сыйлау алмаса да гүл сатып алуға шамасы жетеді. Жылына бір рет келетін 8 наурыз мейрамын елеусіз қалдыру дұрыс емес.Дегенмен, ең бастысы, ер азаматтардың есінде болсын сыйлыққа не тарту етсеңіз де, әйелдеріңіз риза болады. Өйткені оған сіздің ықыласыңыз бен қамқорлығыңыз маңызды, ал бұлар құнсыз дүниелер. Оған әрдайым өз құрметіңізді көрсетіңіз және оны жақсы көретініңізді жиі айтыңыз, бұл әлемдегі ең үздік сый!

Әйел төзімі...

Айгүл Күзенбаева,

Қазығұрт аудандық орталық ауруханасыбас дәрігерінің орынбасары:

– Әйел – нәзік жанды жаратылыс иесі. Көркем, әдемі және қайсар тұлға. Халқымыз «қыздың қырық жаны бар» деп әйелдің төзімділігін тілге тиек еткен. Тіпті, иығына екі адам мінгескен хас батырлар да әйелдің төзіміне шыдас бермейтін көрінеді. Сондықтан болар, әйелдер өз құқықтарын білмегендітен емес отбасын сақтаймын деп өзінің өмірін қатерге тігетіні рас.Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандарыәліде бар. Менің тәжірибемде жүкті әйелдер көп кездескен. Барлығы өзінің денсаулығына немқұрайлы қарап, үйдің қамы деп ауыр жұмыстарды өз міндеттеріне алатындар да кездеседі.Соның салдарынан кішкентай нәресте анасыз, ал балалары жетім қалған жағдайлар болған. Бұл дұрыс емес. Әйел науқастар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болып жатса, азамат ретінде қажетті органдарға хабар беремін. Әйелдер мен балаларды қорлатпаукез-келген азаматтың міндеті деп білемін.

Мақсат жетістікке бастайды

Райхан Жаңабекова,

№4 Шымкент қалалық емханасы бас дәрігерініңорынбасары:

– Әйелдер қазіргі уақытта әлеуметтік жағдайға да, керек десеңіз ғарышқа да ұшып жатыр.Ер адамның меңгерген барлық мамандығын бүгінде  әйелдер толық игерген. Әйелдердің барлық салада белсенділік танытып жатқанына куәміз. Ел басқарған әйелдер тәжірибеде жиі кездеседі. Индира Ганди шығыс әйелдері арасынан шыққан тұңғыш үкімет басшысы болған.  Томирис,Клеопатра, Маргарэт Тэтчерсынды әйелдер ел басқарған. Сонысымен тарихта есімдері алтын әріптермен жазылған. Ал қазір ХХІ ғасыр әйелдері өзіне сенімді, білімді, құқығын жақсы біледі. Сонымен қатар Елбасы гендерлік саясатқа аса назар аударуының арқасында нәзік жандылар билікке араласуда. Үкімет құрамының 50 пайызы әйелдерден жасақталмаса да, Парламенттік биліктің 20 пайыздан астамы – әйелдер. Менің ойымша әйелдер кез-келген салада жетістікке жете алады. Тек алдына мақсат қойса жеткілікті.

Әйелсіз өмір бос...

Шолпан Мырзахметова,

Облыстық консультативтік-диагностикалық медицина орталығының бас дәрігері:

Тарихтаәйел рөлін атқарып қоймай, сонымен бірге еріне адал, еліне сыйлы, асыл жар, ақылды дос, данагөй ел басқарғандар бар. Мәселен, ұлы дала амазонкалары саналған Томирис, Тұмар, Зарина патшайымдар, ерекше  қасиетімен дала аңызына айналған Ұмай, Домалақ аналар, ел басқарған ерлердің әрі жұбайы, әрі анасы атанған Жаған бегім, Бопай ханым, Айғаным ханша, Фатима Тоташ, Күнімжан ханым секілді ауыр жүкті арқалаған әйелдер ел есінде. Қазақ ханымдары сол дәуірдің кеңесшілері болды, сол заманда ел басшыларының тұрмыс жағдайына да, мемлекеттік істерінің орындалу барысына да кірісіп отырды. Бүгінгі қазақ қыздарының да ел басқаруға ақылы да, білімі де жетеді деп ойлаймын.Кеңес дәуірінен кейін қыздарымыз шет елдерде білім алып, қыздардың барлық салада жетекші рөл атқара алатынын дәлелдеді.Әйел адмдар халыққа қызмет көрсету, денсаулық сақтау, білім беру  салаларында  еңбек етуде.Бір қолымен бесікті, екінші қолымен ел тыныштығын тербеткен қазақ әйелдерінің рухы жоғары болсын дегім келеді.

Дәрігер әйелдіңартықшылығы

Райхан Рахымбаева,

№2 Шымкент қалалық емханасының бас дәрігері:

– Бұрынғы кезде дәрігерлік жолды таңдау тек ер адамдарға ғана рұқсат етілген. Ең алғашқы диплом алған әйел дәрігер Элизабет Блэквелл болған. Ағылшын әулетінде туған.Ал қазақ қыздарының ішіндеалғашқы әйел дәрігер – Аққағаз Досжанова. Ол 1914 жылы Орынбордағы әйелдер гимназиясын бітіреді. 1921 жылы Ташкенттегі Түркістан халық университетінің медицина факультетін тәмәмдайды. Аққағаз Досжанованың осы білім ордасын бітірген күнін барлық қазақ зиялылары жиналып, тіпті ерекше тойлап өткізіпті. Себебі, ол тек қазақ емес, жалпы кеңестік шығыс елдерінен шыққан жоғары дәрежелі білім алған алғашқы әйел болды. Дәрігерлік ерекшеліктеріне тоқталатын болсақ. Әйелдер кез-келген ісіне жауапкершілікпен қарайды. Маңызды шешім қабылдар алдында көп ойланып бір байламға келеді.Ақ халатты нәзік жандылар ер азамат дәрігерлерге қарағанда жағымсыз жаңалықтарды жақсы жеткізе алады. Бұндай тұжырым-ға Ковентри университетінің психолог мамандары келді. Зерттеу барысында психологтар дәрігерлерге науқастар рөлін сомдаған актерлерді жіберді. Зерттеу жүргізген мамандардың айтуынша еркек дәрігерлер денсаулыққа байланысты жағымсыз жаңалықты бірден айта салады екен.Өзіне байланысты суық хабарды естуге мүлдем дайын болмаған науқастың күйзеліске түсіп кетуі де мүмкін. Сондықтан әйел дәрігерлердің қоғамда алатын орны ерекше.

Білімсізге өмір қиын...

Гулжанат Аққозиева,

Созақ аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

– Қай кезде болмасын қазақ қоғамында елдің дамуына елеулі үлес қосып, білімі мен білігін ел дамуына бағыттайтын қыз-келіншектер көпболғаны белгілі. Оңтүстүк Қазақстан облысындабілім беру мен денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің басым бөлігі қыз-келіншектерден тұрады. Осының өзі-ақ заманауи іскер әйелдердің қоғамда аз еместігін білдірмей ме?!Меніңше, қазіргі заманауи әйел барлығына үлгеруі тиіс. Яғни, бір қолымен бесікті тербетіп, екіншісімен жұмыс істеп, өзін ретке келтіріп дегендей. Қазіргі әйелдербілімді,мемлекеттік қызметпен қатар жеке бизнесін дамытып, отбасына қамқор болып, аяулы ана, имандылы жар болып барлығына үлгеруде. Бұл қоғамның талабы деп ойлаймын. Бұрын әйел үйінде отырып тек  бала тәрбиесімен айналысатын. Қазіршет елдерге де барады. Спортпен айналысады... Себебі қазіргі заманда білімсіз, әлсіз болсаң, өмір сүру қиын-ау.

Асыға күтетін күн

Гүлжәмила Мақсұтова,

Арыс аудандық орталық емханасы бас дәрігерінің орынбасары:

– Халықаралық әйелдер күні мерекесі бізде салтанатты жиналыстан басталады. Өз міндетін жақсы атқарған, еңбегіне адал нәзік жандыларды марапаттайды. Сондықтан бұл мейрам үлкен мотивация береді. Әйелдер бұл күнді асыға күтеді. Ал мен 8 нурызды отбасыммен бірге, жақындарымның жанында қарсы аламын. Осы сәтті пайдаланып барлық әріптестерімді келе жатқан Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Жылына бір рет келетін мерекелеріңіз отбасыларыңызға тек қана жақсылық әкелсін!

Ревматизм және одан емделу жолдары
Көктемгі әлсіздік және одан құтылу жолдары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу