Көктемгі әлсіздік және одан құтылу жолдары

Oinet.kz 10-01-2020 1616

Весенняя усталость у ребенка как отличить от капризов.jpg

Көктем – табиғаттың түрленетін тамаша мезгілі. «Қыстан аман шықтық, көктем келді» деп шаттанғанымызбен ағзамызда орын алатын кей өзгерістер қуанышымызды су сепкендей басатыны бар. Жұмысқа деген қабілетіміз төмендеп, енжарлық пайда болады. Ұйқымыз келіп, тез шаршаймыз. Әр көктем сайын бұлай қайталанудың сыры – біздің иммунды жүйеміз жұқарып, ағзадағы дәрумен қорының азаюында. 

Әйелдер дәрумен тапшылығына жиі ұшырайды

Көбіміз қыстың суығында үйде отырып, кеңседен көп шықпай, аз қимылдаймыз. Жер қарая қимыл-қозғалысымызды үдететініміз бар. Осындай шапшаңдықтардың салдарынан әлсіздікке ұрынамыз. Көктемгі шаршау «авитаминозға» байланысты болады. Бұл маусымдағы жемістер мен көкөністер құрамындағы барлық пайдалы дәрумендер мен қосылыстар бұзылады, тіпті зияндылары да пайда болады. Сондықтан қыстан қалған алма мен сәбіз «авитаминозбен» күресе алмайды. Яғни, көктемде адам ағзасында дәрумендердің жетіспеуі қатты байқалады. Оның түрлі себептері бар. Біріншіден, дәрумендер ағзаға жеткіліксіз мөлшерде түссе, екіншіден, ас қорыту жүйесінің ауруларынан дәрумендер ағзаға сіңбейді. Егер осы кезде ағзадағы дәрумендер қорын толтырып отырмаса, эндокринді жүйенің  жұмысы нашарлап, созылмалы аурулардың өршу қаупі артады. Бұған қоса ауа райының өзгеруі де адамның көңіл күйіне әсерін тигізеді. Осы кезде онсыз да жұқарып тұрған иммундық жүйеміз бірден  әлсірейді. Адамдардың көпшілігінің қан қысымы төмендеп, басы ауырады.  

Дәрумен жетіспеген кезде бас айналып,  ұйқышылдық басады. Адам әлсіреп, жұмысқа қабілеті төмендеп, дел-сал күй кешеді. Тез шаршайды. Жүйкесі жұқарып, болмашыға бола ашу шақырады. Кейде қан қысымы төмендейді. Дене салмағы азайып, шаш жиі түсіп, көздің көру мүмкіндігі нашарлайды. Тіпті тырнақтың реңі де өзгеріп, қаншалықты күтіммен қарасаң да, қалпына келмейді. Онда сызықтар мен дақтар пайда болады. Дененің терісі құрғап, тіпті қабыршақтанып кетеді. Бұндай кезде бұрыннан созылмалы аурумен ауыратын адамдардың дерті қайта қозса, кейбіреулер жаңадан ауру жұқтыруы мүмкін. Әсіресе, ер адамдарға қарағанда әйелдер дәрумен тапшылығына жиі ұшырайды.  

Сізге қандай дәрумендер жетіспеуі мүмкін?

Екі алақаныңызды жоғары қаратып созыңыз. Сосын екі қолыңыздағы төрт саусақтың екі буынын бір мезгілде жұмып, саусақ ұштарын алақаныңызға тигізіңіз. Саусақтар мен алақан арасындағы буынды бүкпеңіз. Егер осы жаттығуды ойдағыдай жасай алмасаңыз, сізде В6  дәрумені тапшы.

Егер кез келген жеріңізді соғып, көгертіп алып, ол көпке дейін қалыпқа келмесе, сізде С дәрумені жетіспейді.

Басыңыз айналып, құлағыңыз шуылдай ма? Бұл В6  және Е дәрумендерінің, марганец пен калийдің жетіспеушілігінен пайда болады.

Көзіңіз қызарса, қараңғы жерге бірден үйренісе алмасаңыз, А және В2 дәрумені жетіспейді.

Егер В12, В6, Р және селен жетіспесе, баста қайызғақ көбейіп кетеді.

Шашыңыздың түсі солғын, ұштанғыш болса, В9, С витаминдері жетіспейді.

Ұйқысыздықтың себебі  В тобы дәрумендерінің, калийдің, кальцийдің жетіспеушілігінен.

Әлсіздіктен қалай құтыламыз?

Ең алдымен азаматтар салауатты өмір салтын ұстанып, жүйелі тамақтануы керек. Мүмкіндігінше табиғи тағамдарды пайдаланған абзал. Оның ішінде ұлттық тағамдарды, шұбат, қымыз ішіп тұрса иммунитет күшейеді. Ағзасында кальций жетіспейтін адамдар тары жегені дұрыс. Ересек адам күніне бір литрге дейін табиғи сүт ішсе, дәрумен тапшылығын сезінбейді. Бұған қоса ас мәзірінде көкөністерді пайдалану керек. Мәселен, қанды көбейту, қақырықты түсіру, сіңірлерді бекемдеу, денені қуаттандыру үшін қант қызылшасы пайдалы. Әсіресе, көктемде қант қызылшасын немесе шырынын ішіп жүрген адам бойкүйездікке, әлсіздікке ұшырамайды. Ал сәбіздің құрамында дәрумен жетіспеушілігінен болатын ауруларға қарсы, ағзаның тұмауға қарсы тұруын күшейтетін, зат алмасуды жақсартатын заттар бар.

Көктемде пайдалы тағамның бірі – пияз. Пияздың құрамында С дәрумені мен каротин көп. Көктемнің көкөніс шыға қоймаған кезеңінде пиязды ас мәзірінен түсірмеген жөн. Өйткені пияз ауру жұқтырмайтын және қырқұлақ ауруына  қарсы заттарға бай. Ал бұлшықеттердің, жыныс бездерінің қызметін жақсарту үшін қажетті  Е дәрумені  фундук, қара нан, зәйтүн майы,  жаңғақ, бұршақ, малдың бауыры, жұмыртқа, сүтте көп кездеседі.

Лимон – шіру процесіне қарсы шипа. Тәннен уытты заттарды лимонмен шы¬ға¬рады. Лимонмен шай ішкен адамның қан жүрісі реттеледі, қан қысымының көтері¬луі бәсеңдейді, жүйкесі бірқалыпты бола¬ды.

Банан денсаулыққа өте пайдалы, көп ауруға шипа. Қан қысымын реттейді, ин¬сультке шалдығудың алдын алады. Асқа¬зан жарасына да ем. 

Анар құрамындағы С дәрумені ағзаны сыртқы орта әсерінен қорғайды. Ауыз қуысы, тері, тамақ, тіс, инфекциялық аурулардың алдын алады. Салқын күндері тұмау мен суық тиюден сақтайды. Анар адам ағзасындағы кез келген дерттен айығуға жол ашады. Қан құрамындағы гемоглобин мөлшерін арттырып, иммунитетті күшейтеді. Анар құрамындағы   минералды заттар мен жеміс-жидек қанты ми жұмысын жақсартып, ойлау қабілетін арттырады.

Қырыққабаттың ең үлкен пайдасы онда С дәруменінің мөлшері көптігінде. Оған қоса, қырыққабатта Е, В1, В2, В3, Р, РР, Н, каротин, D провитаминдері бар.  Қырыққабаттың құрамында крахмал болмағандықтан және сахарозаның мөлшері аз болғандықтан, ол қант диабетімен ауыратын адамдар үшін пайдалы. 

Ақжелкен (петрушка) құрамында түрлі дәрумендермен қатар, калий, кальций, натрий кездеседі. Бүйрек, бауыр, өт жолдары ауруларына шалдыққан жандар күнделікті туралған ақжелкенді суға қайнатып, 1,5-2 сағаттан соң ішіп тұруы қажет. Ақжелкен суы іш құрылысын тазартып қана қоймай, түрлі аурулардың алдын алуға көмектеседі.

Дайын астың сәнін кіргізетін аскөк (укроп) минералды заттар мен дәрумендерге толы. Іш кебуден сақтап, асқазан жұмысын жақсартады. Аскөк емізетін аналарға өте пайдалы. Ол сүт мөлшерін ұлғайтады. Аскөкті суға 10-15 минут қайнатып, суыған соң тұндырып алу керек. Күніне 3-6 рет 1 ас қасықтан тамақ алдында ішіп тұрса, өт жолдары ауруларынан арылуға болады. Сондай-ақ, аскөк ұйқы қашқанда да көмекке келеді.

Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі. Деніңіз сау болса, оны сақтау керек. Егер сырқат болса, сауықтыру қажет. Тәтті тағам емес, денсаулыққа пайдалы тағам тәтті.

М.КӨШКІНБАЕВА, 

А.АБАДАН,

Шымкент жоғары медициналық колледжі, «Мейірбике ісі» бөлімінің оқытушылары 

Әйел – ана, әйел – дәрігер, әйел – жар!
​10 самых важных изобретений ХХІ века в области медицины
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу