Ырысбек Дәбей. Терезе сыртындағы көктем

Oinet.kz 19-07-2020 887

image.png

Бүгінгі Ояну:

Мың жылғы ұйқыдан тұрғандай зіл батпан!

Алақай!

Көктем тұр –

Терезе сыртында дір қаққан.

Тым жақын арамыз,

Кеңістік қабырғалармен бөлінген,

О, Ұлы Бостандық!

Шексіздік симфониясын тыңдатқан.

Жұқалтаң Әйнек...

Өлім халінен де ауыр сезілген...

Менің сезу түйсігімнің түйісі.

Қол созым жерде

Жұпар Әлемнің —

Раушан гүліне айналған исі.

Мен – сені сүйемін, Көктем!

Алысқа апара жатқан жолдарды құшып,

Жапыраққа айналар жанымның –

Алпыс екі тамырын иітіп...

Бек Жылқыбаев: Өмір -кино, тым қысқа
Бек Жылқыбаев: Мен ешкімді аямаймын
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу