«Үш баласын терезеден лақтырып жіберген» - оқиғаның қалай болғаны анықталды (видео)
Алматыда келіншек үш бірдей кішкентай баласымен 9-қабаттан секіріп кетті. Бұл туралы Oinet.kz сайты Express Qazaqstan сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Алматы қалалық полиция департаменті бұл дерек Жетісу ықшамауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде болғанын растады. 28 жастағы әйел 2015, 2016 және 2019 жылы туған үш баласымен 9-қабаттың терезесінен секіріп кеткен. Әйел мен екі бала оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір бала жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды.
Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның себептері мен басқа да мән-жайларын анықтау мақсатында Алматы қаласы Полиция департаментінде жедел тергеу тобы құрылды.
Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Ал, оқиғаның мән-жайы туралы Informburo31 бағдарламасының арнаулы корреспонденті Ирина Советжанқызы Instagram парақшасында жазды.
- Алматылық әйел 6,5 және екі жасар үш баласын тоғызыншы қабаттан лақтырып, артынан өзі секіріп кеткен. Балалары аналары өздерін лақтырғалы жатқанда не деді екен, жандарым-ай! Үш баласын лақтырып, өзін өлтірген әйел 28 жаста. Ол үйде пәтер жалдап тұрған екен - деп жазды тележүргізуші.