Есірткі денсаулыққа пайдалы ма?
Есірткінің бірқатар түрлері бастапқыда дәрі ретінде қолданылған екен. Мәселен 1898 жылы Bayer AG атты неміс компаниясы героинді балаларға арналған жөтелге қарсы дәрі ретінде нарыққа шығарыпты. 15 жылдан кейін бұл дәріге заң түрінде тыйым салынады. Дегенмен 1971 жылға дейін героинді Германияның кез-келген дәріханасынан еркін сатып алуға болатын еді. Ал кокаинның медицинаға жақындығы одан да мықты болып шықты.
ХІХ ғасырдың жартысында көптеген ғалымдар мен оқымыстылар кокаинды анестезияны емдеу мен шыдамдылықты арттыру үшін қабылдаған көрінеді. Солардың бірі психоаналитик Зигмунд Фрейд кокаинды өзіне тәжірибе ретінде қолданып көрген соң, оны өзгелерге де насихаттай бастайды. Зигмунд есірткіні депрессия, алкоголизм мен сифилис ауруларына ем болады және ешқандай да тәуелділікке ұшырамайды деп сенген.