Кесілген жараны құмырсқамен емдеуге болады

Oinet.kz 25-12-2019 1059

Кез-келген кеселдің емі болады. Оны алыстан іздемей-ақ айналамыздан, яғни қоршаған ортадан, табиғаттан іздеген жөн. Өсімдіктер мен жәндіктердің көптеген ауруды емдеп жазуға қауқары бар. Мәселен Африка құрлығында өмір сүретін  Dorylus тектес құмырсқа кесілген жараның орнын жазуға таптырмас «дәрі». Оның құпиясы аузының үстіңгі жағында орналасқан жіңішке мұртшасында. 

Screenshot_12.jpg

Егерде жараның орнына құмырсқаны қойсаңыз ол дереу мұртшасын теріңізге кіргізіп алады. Міне, дәл осы кезде құмырсқаның денесін жұлып алу керек. Ал жараның ішінде қалған мұртша теріні лезде жинап, жараның бітелуіне көмектеседі. Жергілікті тұрғындар мұндай кішігірім хирургиялық отаны жасаудың шеберіне айналған. 

Есірткі денсаулыққа пайдалы ма?
Өлі анадан сау бала туылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу