Өлі анадан сау бала туылды
Жүкті әйел екі өмір үшін де жауапты тұлға. Денсаулығы жақсы ана дені сау баланы дүниеге әкелетіні белгілі. Медицина тарихында анасы өмірден өтсе де (миы тоқтағанда) шарананы аман-есен жарық дүниеге әкелген жағдайлар кездеседі.
Мәселен, жол апаты немесе оқыстан қаза тапқан келіншектің өмірін жасанды түрде жалғастыруға болады. Бұл уақытта жатырдағы бала өсіп-жетіле береді. Дәрігерлер жүктілікті осылайша 107 күнге дейін соза алған екен. Ол кезде жатырдағы шараға небәрі 15 апта болған. Бұл әзірге рекордттық көрсеткіш болып табылады.