8000 еврейді неміс концлагерінен құтқарып қалған қос дәрігер

Oinet.kz 25-12-2019 1272

Ұлы Отан соғысы бірнеше миллион адамның өмірін жалмағаны белгілі. Әсіресе неміс жауынгерлері еврей ұлтын қойша қырғанына тарих куә. Сондай-ақ зұлмат жылдардан қалған мынадай бір естелік әңгіме бар. 

Screenshot_14.jpg

Поляк елінің дәрігерлері Евгениуш Лазовский мен Станислав Матулевич неміс басқыншылығы кезінде «биологиялық қарудың» көмегімен 8000 еврейді құтқарып қалған. Зерттей келе өз ісінің мамандары адамға Proteus OX19 екпесін салғаннан кейін сүзек ауруына уақытша оң нәтиже беретінін анықтаған. Бұл жаңалықты қос дәрігер халық игілігіне пайдалануды ұйғарады да Розвадов қаласының тұрғындарына жасырын түрде екпе салады. Сөйтіп олардың қандарын тексерту үшін немістің медицина мамандарына жібереді. Қан талдаулары поляк дәрігерлері күткендей сүзек ауруына оң нәтиже береді. Мұндай қорытындыны күтпеген жаулар қаланы эпидемия жайлады деп карантин жариялайды. Аты жаман кеселден қорыққан фашистер қаланың маңына ұзақ уақыт жоламаған көрінеді. «Сүзек ауруына шалдыққан» сау тұрғындар осылайша жау қолынан аман қалып, концлагерге барудан құтылыпты. Лазовский мен Матулевичтің бұл еңбектерін ерлік демей, не деуге болады?!

Өлі анадан сау бала туылды
Электрокардиографты кім ойлап тапты?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу