Жылқы иісі...
04-11-2023
Түйе сүтінің емдік қасиеті мол болғандықтан, халық емшілері жануар сүтіне шомылдырып, қан-тамыр, жел-құз ауруларын емдеген. Ағзаны жасарту мақсатында ішкен. Шұбаттың құрамында калций, мыс, темір, магнезий, мырыш секілді микроэлементтер және фосфор мен күкірт бар.
Құрамы осындай макро және микро элементтерге бай шұбатты қазақтың халық емінде өкпе, асқазан аурулары, қарқұлақ, мешел ауруларымен қоса созылмалы түрлі дерттерден әлсіреген ағзаны қайта қалпына келтіру үшін қолданған және ағза уланғанда да емге пайдаланған. Әсіресе, шұбат түрлі өкпе дертінің барлық түріне шипа.