Бөлме гүлдерінің күтімі

Oinet.kz 22-08-2019 2820

uhod-za-domashnimi-cvetami-letom-5-glavnih-layfhakov-1838-45238.jpg

        Бөлме гүлдерін өсіру біраз әбігерге салатын іс болғанымен де, сізді ләззатқа бөлейтін, жаныңызды тыныштандырып, шабыттандыратын іс. Гүлдің қалай өсуі сіздің баптауыңызға, күтіміңізге байланысты. Ол да сізден шыққан бала секілді, біраз күтімді қажет етеді. Гүл өзінің егесі секілді өседі екен. Ал кейде тіпті үй өсімдігі сол үйдегі қыз-келіншектің болмысын көрсетеді деп жатады. Гүлдер үнемі сіздің қамқорлығыңызға зәру, сіз көңіл бөлмеген бірнеше күн өсімдіктің өліміне алып келеді. Олар да тірі тіршілік болғандықтан, өсімдікті өсіріп бастаған соң, оларға керекті күтімін жасау қажет.

        Ең алдымен гүлді мұқият қараңыз, оның бар дертін түсіну үшін бағбан болудың қажеті жоқ. Бар болғаны күніне бірер минутыңызды бөліп, мұқият қарап шығыңыз. 

        Қураған жерлерін кесіп отырыңыз.Ал негізінен қуратпауға тырысуыңыз қажет. Ол үшін не қажет? Бөлме температурасы, күн сәулесі, ылғалдылық бәрі де осы кішкентай ғана тіршілік иесі үшін өте маңызды. Бөлме гүлдерінің түбіндегі топырақты қопсытып барып су құйса, жылдам өсуіне оң әсерін тигізеді.

        Күн сәулесі гүл үшін барлық мезгілде маңызды рөл ойнайды. Сондықтан да гүлді күн көзі түсіп тұратын жерге орналастырыңыз. Дегенмен егер гүл күннің қатты түсетін жеріне қорйылса да тез қурап кетеді. Бөлме температурасы 22 градусты көрсетсе бөлме өте ыңғайлы болмақ. 

        Гүлдердің тамырынан бөлек жапырақтарды ерекше күтім қажет етеді. Күнде таңертеңгісін өзіңіз су ішкен сәтте гүлді де су бүріккішпен сепкеніңіз дұрыс. Және әр күн жапырақтарының шаңын, тозаңын алып отыру қажет.

        Гүл өскен сайын гүл құтысын ауыстырып отыруыңыз қажет. Егер сіз құтысын ауыстырмасаңыз гүлдің тамыры тарылып, өспей қалады. Сол үшін де гүлдің топырағын, құтысын уақытылы ауытырып, гүлдің тамырын тереңге жайып, жайқалып өсуіне мүмкіндік жасаңыз. 

Түйе сұрасаң, бие береді
Отбасы құруға не кедергі?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу