Отбасы құруға не кедергі?

Oinet.kz 22-08-2019 1496

440x326_21_04a30bf8de1fa55cabbdeb56c5f5d516@725x484_0xc0a8392b_3663521401430509544.jpeg

Неге әлі отбасын құрмағандығыңыз жөнінде ойлансаңыз, ОЛ МАҒАН ӘЛІ КЕЗДЕСКЕН ЖОҚ деген пікірді шешім деп білесіз. Әрі көп адам өзінің жартысына түрлі талаптар қойып, сол талапқа сәйкес адамды күтеді (іздемиді).

Не себепі?

-Уақыт жоқ

-Ақша жоқ

-Мен қалаған адам, мені қаламайды

-Кездеспеді әлі..

Бұл ұзын сонар ой түрлі пікірмен көмкеріле береді.

Сонымен, сізге отбасын құруға не кедергі?


*Менің өмірімде проблемалар бар, соларды шешіп алайын...

шаблон-мем-про-проблемы.jpg

Бұл типтегі адамдардың мәселесін ата-анасы шешкенге дәніккен. Немесе бұл тұлғалар ата-ана, бауырларының проблемасын бірінші орынға қояды. Яғни «жан пида» адамдар. Сіз отбасын құрған соң, жарыңыз да «сізге» айналады. Барлық мәселе екіге бөлінеді. Екі асқазаннан қорықпаңыз. Әрекетке берекет, бейнетіңізге сай зейнет көресіз.  Өзіңізді азат адам ретінде сезінсеңі, «кездеспей кеткен ер бейненің» мыңы барын ұғасыз.

Менің талаптарыма сай адам жоқ!

49343517.jpg

Сіз мен өзім армандаған адамға саймын ба деп әрекет етіңіз. Мен қандай адамды ұнатамын деп ойланып болсаңыз, маған ұнауы мүмкін адам қандай адамға көңіл қояды деп те ойланыңыз. Сіз мүлде өзгеруі тиіс адамды елестеткен болсаңыз, ол обрздың өзіңізге комфорт сыйлау мүмкіндігіне мән беріңіз. Бұлай ұнамаса, бітті! Басқа идеал табыңыз. Сіздің болашақ жарыңыз не істеуі керек. Ол тек асыраушы яки үйбикесі болу керек болса, отбасы туралы пікіріңізді жетілдіріңіз. Себебі асыраушы адам мен үйқызметшісі отбасы құрмай да табыла береді.

Менің есімнен кетпейтін жанжарам бар. Сол жазылсын....

9790d570-6794-11e9-9777-fa163e074e61_660.jpg

Тәндегі жара дәрімен жазылғандай жанның жарасының жазылуы психологиялық ресурстарға келіп тіреледі. Мүмкін, біреудіі өлердей жақсы көрген боларсыз. Бірақ ол адамға бостандық беріп үйренііз. Санамнан шығарамын деген сайын ол туралы естеліктер алдыңызден көптеп табылады. Жатып алып тек сол тұлға жайлы ойлаңызшы. Жақсы көруге тұрарлық ештеме таппай алуыңыз мүмкін. Ғашықтың көзі күлгін көзілдірік киіп алады ғой. Бәрін күштілеп көреді. Ғашығымен экологиялық апат орын алған жерге барса да, жәннәтта жүргендей күй кешеді. Төрт қабырғада ойланғанда ол адам сізсіз де бақытты бола алғандығына басымдық беріңіз. «Мен оған қажетпін» деп ақтап алмаңыз. Біркездері бастартса оған құныңыздың көктиын екендігі. Ұмытыңыз! Әрі жаңадан кездесетін адамнан эксғашығыңызда барр қасиеттерді іздемеңіз. Ол өзіңізді азап түрмесіне тұтқындаумен тең.

Маған отбасылы адам ұнайды!

289.jpg

Охоооу, не деген өзіне деген жауапкершілігі жоқ көзқарас?!  Өзіңізден бір сәт сұраңызшы «Отбасылы адам несімен ұнайды?» деп. Олардың жауапкершілігін, ықыласын тізіп шығарсыз. Бірақ отбасылы болған адамға бұл қасиет өзі-ақ жұғысады. Ол адам шынымен отбасылық құндылықты биік қойған «періште» болса, сізге қайрылмайды. Ашық-жарқын болып, еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін араласу өте жақсы. Бірақ, арасалмақ сақталу тиіс. Сізге отбасылы адамды таңдау тиімсіз.

Өмірде ұялшақ болғандықтан, виртуалды қатынасқа басымдық бердім..

680x374_1_9bffe6388f4c2c4e451fcb432ef7b668@690x380_0xc0a8392b_5640368641499088296.jpeg

Виртуалды қатынасқа иек артқан сайын, реал өмірде зіңізге деген сенімсіздік пайда болады. «Пах, шіркін, сенің әлеуметтік желідегі фотоларың керемет», «Желіде сұлусың !» дегенді күшті комплимент көретіндер сіздің сеніміңізді өлтіріп жатқанын білмейді. Өмірде батыл болуға қорықпаңыз. Әлеуметтік желі арқылы отбасын құрғандар сізсіз-ақ көп. Бірақ өзіңізге қай ортада серік тапан ыңғайлы әрі сенімді. Сол орта, сол  жолды таңдаңыз. Бастысы комлекстерден арыла біліңіз.

Сәтсіз отбасы құруға деген фобия..

image.jpg

Бала кезі ауыр өткен адамдарға тән. Ата-ананыі кикілжіңі,  сынған ыдыс, жылаған бала... Бұл картинаны көргісі келмегендіктен отбасы құрмау. Әркім өз өмірінің суретін салады. Сізде жайнаған дастархан, жылы жүзді жар, бақытты балалар болуы мүмкін. Бәріне өзіңіз ықпал етіңіз. Түсінуге тырысыңыз. Мүмкін, сіздің та-анаңыздың да басынан бақытсыз балалық өткен болар. Олар сондықтан негативті қатынасқа қалыпты қараған болар. Бірақ сіз, бұл рамкадан шығыңз. Болды!

112438_or.jpg

Егер сіз бұл  мақаланы, оқып отырсаңыз, бұл тақырыпты айтарлықтай тығырық деп білетіндігіңіз. Қоғам, адамдар, материалдық жағдай, идеды адамның кезікпеуі – барлығы тек сылау. Сіздің махаббат туралы түсінігіңізді жетілдіру қажет. Махаббат-артықшылығы үшін біреуді ұнатумен шектелмейді. Ол кез келген дүниенің артықшылығын, жақсы қырын көре білу. Анаңыздың мейірімін, тамақтың дәмділігін, заттың сұлулығын сезінуге қауқарлысыз. Неге онда қоғамда өзге адамды ұнатуға қауқарсызбын деп ойлайсыз?

Жақын қатынас орнату- ортақ көзқарасқа тәуелді емес.

160302113615_origin_love_touch_624x351_istock_nocredit.jpg

Ол екеуіміздің талғамымыз әркелкі дегенге қалыпты қараңыз. Бірақ, өмір сүру дағдыларыңызда ортақтық қажет. Сіз ұнатқан адамыңызбен, тұрақты қатынас орната аламын деген сәтте ғана әрекетті күшейтіңіз. Оны босқа үміттендіру екі жақты тиімсіз. Әрбір көзге махаббат көрініп, әрбір жүрекке орныға алады. Тек, сенім қажет, сіз бақытқа лайықсыз!

Суреттер ашық дереккөзден алынды

Бөлме гүлдерінің күтімі
Дана әйелге тән 7 қасиет
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу