Түйе сұрасаң, бие береді

Oinet.kz 22-08-2019 4634

        ÐšÐ°Ñ€Ñ‚инки по запросу мечтать

        Армандау өз-өзіңді алдау ма? Жоқ, арман мен сенім екі параллельді сызықтар. Бір жерде қиылмаса да екеуі бірін-бірімен параллель, бір бағытта жатыр. Арманы бар адамның сенімі де болғаны абзал, себебі өз арманыңа өзің сенбесең, оның барына басқа кім сенбек. 

        Армандау тегін емес пе? «Түйе сұрасаң, бие береді» дейді, ай сұрасаң жұлдыз берер. Сондықтан арманың неқұрлым ұшқыр болса, олардың жүзеге асуынан да үміт жүзден елу келер. 

        Қазір не көп, мотивациялық кітап көп. Сізне нені армандап, нені армандамау керектігін үйрететін. Алайда не үшін? Армансыз адам болады ма? Дұрыс армандау деген не тәйірі? Армандаудың дұрысы, бұрысы болмайды. Адам нені жан саясы қаласа, соны армандауға құқылы. 

        Өзіңіздің қолыңыз жетпейтін жерге дейін жетсін арманыңыз. Құдай шын тілеген құлына, тілегеннін береді емес пе? Сондықтан, арман-тілектеріңізден ешқашан жалықпаңыз. Әр сәт армандап жүріңіз. Арман адамға қанат бітіретін энергетик секілді. Арманыңыз айқын болған сайын, қайда қарап қанат жаярыңыз да анық болып тұрады. Армансыз, мақсатсыз, бірі үшін өмір сүру қиынның қиыны болар. Десе де бір күні сізге де кезек келеріне тырысыңыз.

        Арман бізді биік белестерге жетелейді. Армандарыңыздың жүзеге асатынына алдымен өзіңіз сеніңіз, басқалары нәтижесіне қызықсын. Ешқашан өміріңізден орын алғалы тұрған депрессиялы күндерге мойымаңыз. Керісінше, қолыңыздан бір іс келмей тұрған кезде, одан асып түсетін мақсаттар қойып, жүзеге асырыңыз. 

        Айтуға оңай ма?

        Жоқ. Сіздің қолыңыздан шынымен де көп нәрсе келеді. Және оның алғашқысы армандау. Армандай біліңіз. Арман мың қадамның бірін бастар жол.

Шаш үтіктеу зиян ба?
Бөлме гүлдерінің күтімі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу