Шаш үтіктеу зиян ба?

Oinet.kz 22-08-2019 3211

Картинки по запросу выпрямит волосы

Шаш та адамға ерекше көрік беріп тұрады. Ажарыңызды ашып, талғамыңызды айқындап тұрады. Әр қыздың шаш қою үлгісі әрқилы. Буып, түйіп, жайып,өріп, шаштарын түрліше безендіреді. Сөйтсе де әр қыздың өзіне құйып қойғандай жараса кететін шаш үлгісі бар. Ол сол қыздың имиджі секілді қалыптасып кетеді. 

Шаштың табиғи қалпы, табиғи түсі әрбір шаш иесінің көзімен, болмысымен тең келеді. Сондықтан шашты табиғи түсінен тек оқыс жағдайда ғана айыруға болады. Ақ шаш, күнге күйген шаштарды бояуға болады, тек өзінің табиғи түсіне. Шашты ашық түске бояу шашты құнарлылығынан айырады. Сондықтан шаш бояуда эксперттің көмегіне жүгінгеніңіз жөн.

Ал шашты үтіктеу бұл өте қауіпті процесс. Оның үстіне үтік таңдау да әбігерге салатын іс. Қыздардың бәрі дерлік мынадай бір стереотип қалыптастырып алған. Үтік қымбат болған сайын зияны да аз келеді. Үтіктің де қанша түрі бар десеңізші. Керамикалық, магнит үтік, темір үтік, пластмасс, сан алуан. 

Шашты үтіктеу өте зиян. Сіз шашыңызды зақымдамайсыз, ашық түрде, біле тұра өртейсіз. Ал өртенген шаш өледі. Өлген шаш өзінің әсемдігінен, табиғи қалпынан, түсінен де айырылады. Оның үстіне шашыңыз сынғыш келеді, түскіш келеді. Себебі әр шаш үтіктегеніңізде, сіз оны түбімен қоса үтіктейсіз, содан шашыңыз табиғи әсемдігінен бір жолата айырылып, босаңсып қалады. 

Шешім: шашыңыздың табиғи қалпын жақсы көріңіз. Табиғи жолмен сәндеңіз. Бұйра шашты қыздарда да өзіне тән ерекшелік болады. Оның үстіне Корей елінде қыздар жасынан кіші көріну үшін шаштарын химиялық жолмен бұйралатып алатын көрінеді, тіпті.


«Гений» атануға парадоксалды 10 кеңес
Түйе сұрасаң, бие береді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу