«Гений» атануға парадоксалды 10 кеңес

Oinet.kz 22-08-2019 1701

Картинки по запросу как стать гением

Көп білгім келеді, креативті болғым келеді, маңызды әңгімелесуші атанғым келеді, жоғары бағаланғым келеді, жағдайымды жақсартқым келеді, байығым келеді.

Егер де жоғарыда айтылғандардың сізге де қатысы бар болса, оқыңыз.

Қызығыңыз, шындап.

Үнемі қызығушылық танытыңыз, білімге әуес болыңыз. Кез келген нәрсенің дұрысын білуге асығыңыз. Жаныңыздағы біреу парадокстың не екендігін сұрап, өзіңіз де білмей тұрсаңыз, ерінбей іздеңіз. Сонда есіңізде қалатын болады. Сұраңыз, ненің не екенін сұрағанда тұрған айып жоқ. Қызыққұмар адам атаныңыз. Кез келген дүниеден хабардар болуға асығыңыз.

Қиындықтар мен парадоксты қабылдай біліңіз.

Данышпандардың көбіне мінез-құлықтың кез келген бағамы тән. Олар ешқашан бірқалыпты өмір сүрмейді. Өздерін әртүрлі сынайды, кез келген сферада, кез келген бейнеде.

Энергияңызды сөндіріп те тұрыңыз. 

Данышпандар ұзақ уақыт бір нәрсемен айналысатыны рас, алайда дер кезінде миын тынықтырып, энергия тетігін өшіруді де ұмытпайды. 

Әлемге экспертше қараңыз. Алайда жаңа эксперт ретінде...

Өзіңізді шынымен де көп білетін адамдай сезініңіз. Алайда шегімен. Жоғары интеллект гений ретінде ойлауға көмектеседі. Бірақ интеллект пен креативтілік арасындағы байланыс сіз ойлағаннан гөрі әлсіз. Зерттеушілер IQ 120-дан жоғары болған жағдайда ол қосымша креативтілік бермейтіндігін айтады. Және тамаша интеллект тіпті креативті ойлау үшін кедергі болуы мүмкін. Өте ақылды адамдар өз менталдық артықшылығына өте сенімді болып кетеді де, әуесқойлығын, зерттеу ниетін төмендетеді. Бүкіл ізденісін тоқтатады, себебі өзін тым басқаларынан жоғары сезініп кетеді.

Гете айтқандай генийлер бала сияқты келеді. Олар балаларға тән қызығушылықтарын ешқашан жоғалтпай, онысын даналықпен ұштастырады дейді. Олар да ақылға қонымсыз бір заттарды миында шайқап-шайқап, соңында керемет жаңалық ашатындары бар.

Жұмысқа мұқияттылықпен қарап, ләззат ала біліңіз.

Жұмысыңыз өзіңізге қатты ұнайтындай кейіп танытыңыз. Генийлер кез келген жұмыста өзінің қырағылымен ерекшеленеді. Олар өте мұқият келеді. Және бір жұмыс бастағанда, өздерін түбегейлі сол жұмыстың құрбаны етіп жатады. Жұмысыңыз өнімді шықсын десеңіз, барыңызды салуға міндеттісіз. Ізденісте болыңыз.

Адамдармен араласыңыз, алайда өзіңізбен де көбірек уақыт өткізіңіз.

Сыртқы ортамен араласу, сіздің дүниетанымыңызды арттырады. Ал өзіңізбен оңаша қалу өзтанымыңіызды арттырады. Өзіңізбен оңаша қалған сайын өзіңізге не қажет екенін, сіздің жаныңыз не қалайтынын өз-өзіңізбен ақылдаса аласыз. Адамдардың ең көп жасайтын қатесі де осында, олар ешқашан өздеріне құлақ аспай шешім қабылдайды. Өзіңізбен қалып кофе ішіңіз, серуендеңі, уақыт бөліңіз.

Мықты әрі әлсіз бола біліңіз.

Өнертапқыш данышпандар көбіне гендерлі табаурындарға бағына бермейді. Мәселен әйел генийлер өзбдерін басқа әйел жаратылыстарына қарағанда берік, мықты келсе, еркетер басқа өз жынысындағыларға қарағанда нәзіктеу,и жуастау келеді. Өйткені олар қоршаған ортаны өзге қабылдауға бейімделген.

Бүлікші болыңыз, бірақ ережеге бағынбайтын емес.

Генийлер өз істерін өте жоғары бағалайды. Олар бір ізденістің соңызда, басқаларын көрмей қалады. Ол өз бәсекелестерімен жарысып емес, өзімен, өзінің санасындағы тарақандарымен жарыса жұмысын жасайды. Олар шабуылға бейім болғанымен де, қоғам заңдарына, әділетке бағынады.

Обьективті болыңыз.

Генийлер субьективті пікірден, обьективтілікке бейімдеу келеді. Олар өтірікті өтірік, шындықты шындық деп қабылдайды. Мәселен бір жұмысты бастап, егер одан ешқандай қызығушылық сезінбесе, олар ұнап кетеді деген субьекутивті пікірден қарағанда, жұмысты тез арада тастап, басқа айналысатын іс табуға кіріседі. Бос нәрсеге ешқашан уақыт жоғалтпайды.

Жоспар құрыңыз, бірақ жоспардың шеңберінен де шығыңыз. 

Әрпине, генийлер үнемі жоспарлап, уақытпен жүретіні белгілі. Алайда олар өздерінен күтілгеннен де жоғары нәтиже береді. Генийлер өздерінің қаншама уақытын бір жоспарға жұмсап, басқа бір жаңа ой пайда болған сәтте, өзі құрған, қанша жылдарды талап еткен жоспарынан лезде ьас тартып, қызыққан ағынымен жүзетіні бар.

Жұлдызнамалардың құпия қабілеттері
Шаш үтіктеу зиян ба?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу