Еркекше ойла, әйелше қимылда

Oinet.kz 02-07-2019 1344

1558пеапн.jpg

   Фото ашық дереккөзден алынды

    Неліктен тіпті ең ақылды, сұлу, табысты әйелдердің өзі еркек қауымын түсінбей, отбасылық өмірде бақытсыз болып жатады? «Думай как мужчина, поступай как женщина» бестселлерінің авторы, әйгілі әзілқой Стив Харвидің ойынша басты мәселе әйел кеңесті әйелден алатынында. Алайда, негізінен, мұндай кеңестердің қайнаркөзі еркектер. Төменде аталған кітаптан ең қажетті ең маңызды кеңестер мен қулықтар іріктелініп жазылды.

    Еркек өте қарапайым жаратылыс. Сіз ең алдымен осы бір ережені толығымен түсінгенде ғана, жолдасыңызды түсіне аласыз. Сіз ойлайтын, сізді алаңдататын миллион мәселе серігіңіздің санасына жуымайды да. Сіздің еріңіздің мінезі оның табысы мен кәсібіне тікелей байланысты. Ал, жұбайыңыздың қоғамдағы дәрежесі сіздің ойыңызға тікелей тәуелді. Сіз жұбайыңызды президент етуге де, қарауыл етуге де қауқарлысыз.

    Еркек кез келген ситуацияда еркек болып қалады. Сіз еріңізден үнемі сізді түсінуін, өзін сіздің орнына қойып көруін өтінесіз. Алайда, сіз бір уақыт ойланып қараңызшы, еркектерді туылғанынан «нағыз еркек» болуға баулиды, ешқашан дауысын шығарып жыламауға, тіптен мүлден жыламауға, кез келген ситуацияда төзімді болуға, төбелесуге, ақысын жібермеуге, тауға өрмелеуге, өзін ешкімге ренжітуге жол бермеуге үйретеді. Ал, сіздер, әйелдер қауымы, қатты айтсақ, «роботтардан» сізді түсініп, сізше ойлауын сұрайсыз. Алайда, еркек өзін әйелдің орнына қойғанша, әйел өзін еркектің орнына қойып түсіністік болып жатса әлем оңайырақ болушы еді.

    Еркек алдына қойылған үш тепшектен өткен соң ғана, жұбайына көңіл тоқтата алады. Ол үш тепшектің алғашқысы, кім болып туылғаны, кейінгісі, кім болып жұмыс жасайды, соңғысы, қанша табатыны. Бұл үшеуі белгілі мәжесіне жетпей, әйелі ері үшін шалғайдағы туысындай немесе жәй пәтерлесі болып қалады. 

    Егер еркек өз армандарын жүзеге асыруға ұмтылмаса, ол өзіне мақсат қоймаса, ол еркек ретінде өледі. Сіз де әйелі ретінде еріңізден айырыласыз. Сіздің жаныңызда жүрген адам сіздің пәтершіңіз болады, ал сіз оның қамқоршысы, асыраушысы, белгілі бір деңгейде «анасы».

    Ерлер ДНҚ-сы құрамында «асыраушы» және «қорғаушы» витаминдері бар және ерлер жасаған барлық нәрселер оны өмірде жүзеге асыруға арналған. Егер еркек үй салса, шатырынан су өтпейтіндей; егер ол баласына кроссовкасын әперсе, мектепке алаңсыз жіберетіндей; егер дүкенде ет пен картоп алардай ақшасы болса, онда ол өзін тыныш, берекелі өмір сүріп жатырмын деп ойлайды, сабырлы болады.

    Сонымен қатар, еркектер өздерін кем дегенде, өмірдің бір арнасында «бірінші» сезінгісі келеді. Ең бастысы осы. Олар әрқашан да, бәрінде де басты бола алмайтынын біледі, бірақ өмірінің кейбір салаларында бәрі жауап беретін адамға айналса және бұл жұбайыңыз үшін маңызды. Еркекке, жалпы, өзін жауапты етіп сезінген ұнайды, әйелге, керісінше, өзін нәзік сезінген, біреудың ол үшін бірінші болып әрекет еткенін қалайды.

    Неліктен ол үйде жоқ, неге жұмысқа көп уақыт жұмсайды, неге ол ақшасын осылай санайды? Өйткені әлемде ол басқа адамдармен бағаланады, оның кім екеніне, не істеп жатқанын және қанша табатынына байланысты еркек өз бағасын алады. Бұл оның өзін-өзі бағалауына әсер етеді.

    Еркектің махаббаты әйелдікіне ұқсамайды, әйтсе де, ол да махаббат. 

    Бұл планетадағы ештеңе әйелдің сүйіспеншілігімен салыстырылмайды - оның сүйіспеншілігі мейірімділігі, шыдамдылығы және қамқорлығы, жомарттылығы тәтті және сөзсіз. Егер әйел ер адамды таңдап алса, онда ол өз ақыл-ойының қауіп-қатеріне қарамастан, уақыт пен жағдайға қарамастан сүюін тоқтатпайды. Әйелдер, егер де жұбайы ауыр күйде немесе үмітсіз күйде болса, ауырып қалса құшақтайды және жетістікке жеткен кезінде қуанады, кезегінше, сол дүниелердің жауабын күтеді. Алайда, еркектердің махаббаттары мұншалықты таза және кіршіксіз емес. Үнемі сізге сүйетінін айтпаса да, сіз сырқаттанғанда жаныңызда болып, шашыңыздан сипамаса да, әр отыз минутта сізге хабарласып тұрмаса да ол сізді сүйеді.

    Егер еркек өзінің жақын адамдарына қамқорлық жасай алмаса, ол өзін еркек сияқты сезінбейді және кез келген өзінің әрекетіне көңілі толмай, өмірінде хаос пайда болады. Әйел өміріндегі хаос жасқа толған жастық пен үздіксіз смс-тер болса, еркек өміріндегі хаос, ол ішімдік, темекі, қыдырымпаздық.

    Сіз серігіңіздің сіз үшін түскі асқа, киноға, театрға төлеуін күтуге толықтай құқылысыз. Себебі, еркек сіздің әр уақытыңызды бағалайды.

    Жалпы, еркекке әйелден керек нақты үш дүние, қазір бірілеріңізх қолдамасаңыздар да, олар: қолдауа адалдық және ерлі-зайыптық қатынас. Еркектің шын ойын білгенде ғана, еркекті еркек деп қабылдағанда ғана әйел бақытты болады, бақытты етеді.

Автор: Сабалақ

Қарым-қатынастағы тайм-аут
Балаларға қалтапұл: кеңестер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу