Балаларға қалтапұл: кеңестер
Балаларға қанша жастан қалтасына ақша бере бастаған дұрыс немесе мүлде дұрыс па?
Ия, бала санақты біліп, балада ақшаға деген қажеттілік туындаған сәттен , қалтасына ақша бергеніңіз дұрыс. Бала неғұрлым ақшаны ерте ұстап үйренсе, соғұрлым ақшаны басқаруды ертерек меңгереді. Ата-аналар үшін жақсы мүмкіндік, баламен ақша жайлы сөйлесу, оның ақшаларын қайда, қалай жұмсауын жоспарлауға көмектесу, баланың финансты өмірін кішкентайынан тәртіпке келдіріп қадалғалап отыру маңызды процесс.
Үй шаруасына көмектескеніне төлемақы берген дұрыспа?
Жоқ, бұл пікір жаңсақ пікір. Себебі, баланы ақшаға емес, өз рақатына жұмыс істетіп үйрену керек. Баланы кішкентайынан «сен ақшаға емес, ақша саған жұмыс істесін-ге» баулу қажет. Баланы жақсы баға үшін де марапаттау қате. Жақсы баға алғанда «жарайсың-ға» қанағаттану керек қой.
Жинақ сандықшасы (копилка) ма, әмиян ба?
Әмиян, себебі дәл осы әмиян тәртібімен бала ақшаны бар кезінде де үнемдеуге үйренеді. Балада «ақша сауаттылығы» қалыптасқан сәттен бастап, әмиян сатып алып беріңіз, көпқалталысын. Өйткені, бала әр қалтаны әр керегіне бөлып жинақтай алады. Бұл балаға ақшаны жоспарлауда таптырмас көмекші.
Қанша жасқа дейін берген дұрыс?
Балаға ақша беруді тоқтатуға да, саты-сатымен барасыз. Олай, «болды енді ақша жоқ» әсер етпейді. Ол үшін, бастапқыда күн сайын бересіз, ал бала ауыспалы кезеңге келгенде ақша арасын соза бересіз, алғашында бір аптада бір рет, есеппен, яғни бір аптаға «жетеді-ау» деген сомма. Сонан соң, бала есейгенде ақшаны бір айда бір рет беріп, бірте-бірте ақша беруді тоқтатып, баланы «өзің тап-қа» итермелейсіз.