Қарым-қатынастағы тайм-аут
Кейде қос ғашықтың арасындағы қарым-қатынасты сақтап қалудың ең соңғы шешімі тайм-аут, біраз уақытқа айырылыса тұру, ерлі-зайыптылар бөлек тұра тұру, қыз бен жігіт көріспей қоя тұру. Мұндай үзіліс әр уақытта әртүрлі нәтижеге алып келеді, бірі табысып, сенім мен түсінісушіліктің жаңа сатысына алып келсе, кейбіреулер өмірлерінің бірін-бірінсіз жақсырақ екенін түсініп ара-қатынасын тоқтатып жатады. Бәрі де олардың бұл шешімге қалай келгеніне байланысты. Төменде ара-қатынасқа үзіліс берудің ең басты ережелері көрсетілген. Осы арқылы өмірлеріндегі өтпелі қиындықтан өте алмай жүрген жандарға дұрыс бағыт пен дұрыс шеім қабылдау жолдары көрсетілмек.
Өзіңе үзіліс не үшін қажет екендігін анықтаңыз
Нақты неден шаршағаныңды білу үшін өз ішкі жан дүниеңе сараптама жүргіз. Қарым-қатынастарыңа бәлкім жаңалық жетіспейді немесе құштарлық сезім? Өміріңде жаңа этап пайда болды ма, жаңа үй, жаңа жұмыс орны, сондықтан осы адаммен өміріңді арықарай жалғастыра аламын ба деген ой мазалап жүр ме? Өзіңізге «осы адаммен бірге болғым келе ме?» деген сұрақты қойып, өз-өзіңізге есеп беру өте маңызды саты.
Шын мәнінде сезімің суып, біржолата айырылысқың келіп, тек серігіңнің сезімін аяп қана үзіліс жасау қате шешім. Үзіліс алғыңыз келсе, оны тек өз сезімдеріңізге сүйеніп алғаныңыз жөн. Егер жұмысыңыз шашетектен болып, жұбыңыздың айтқан әр сөзі сізді мезі етіп, шаршатып, өзіңізден стресс байқасаңыз, тәнік ойлай алмасаңыз, онда сізге шындап үзіліс туралы ойланатын уақыт келді.
Үзілісті өзара келісіңіздер
Үзіліс екі тарапқа ғана қатысты болуына байланысты, тек жеке кездесуде талқылағандарыңыз жөн. Әңгімені ұялы телефонмен немесе смс-пен шешу бейсезімдік байланыс тудырады. Бетпе-бет кездесіп шешкендеріңіз жұбыңыздың реакциясынан оның да сізді түсінгеніне көз жеткізуге жақсы мүмкіндік.
Уақытша айырылысудың шарттарын қарасытырыңыздар
Ашық және тік сөйлесіңіз. Өзіңізге үзіліс не үшін қажет екенін түсіндіріңіз. Үзіліс кезінде байланыста боласыздар ма, жоқ па бірден шешіп алғаныңыз абзал. Ең бастысы осы уақытта бір-бірлеріңізге адал болып қалу ең маңызды шарт болып қалуы қажет.
Белгілі уақыт межесін орнатпаңыз
Бұл қиын болуы мүмкін, себебі екі тарап та үзілістің қанша уақытқа созылатынын және қандай нәтижеге алып келетінінен бейхабар. Бұл уақыт арасында қандай қиыншылықтар мен жаңалықтар өміріңізден орын алатынынан да бейхабарсыз. Сіздің қандай шешімге келгеніңізді серігіңіз күтетін болады, ал сіз екіұштылығыңыздан өзіңізді кінәлі сезінуіңіз мүмкін.
Маңызды, егер екі жақтың бірінде бір өзгеріс болып, шемім қабылдап жатса, дереу хабарлау.
Үзіліс уақытын өзіңізді танып-білуге жұмсаңыз
Жұптық қарым-қатынас кезінде өзіңізге шектеу қойып келген істеріңізбен айналысыңыз. Бәлкім сіз мүлде басқа адамсыз. Уақытыңыздың көбін отбасыңызбен, достарыңызбен өткізіп, жаңа хоббилер іздеңіз. Жалғыз қалып ойлануға тырысыңыз, өйткені сіз қарым-қатынас кезінде үнемі серігіңіздің де ойын есепке алып ойланатынсыз.
Жұпсыз қалу ма сізге қорқынышты немесе арнайы бір адамнан айырылу ма? Ара қатынасыңыздағы үзіліс осы сұраққа өзіңізден жауап алу үшін таптырмас уақыт. Жалғыздықтан қорқып қана осы адаммен жүрсіз бе, бул сұрақты өзіңізге қойыңыз. Сіз міндетті түрде жауабын аласыз.
Ал, егер үзіліс уақыты, сізге керемет мүмкіндік болып, өзіңізді қанат біткендей еркін сезініп, жаңа қырларыңыз ашылып жатса, қазір сізге жұп керек пе дұрыстап ойланған жөн. Керісінше, сізде жаңа сезімдер оянып, сағынып, ғашығыңыздың тек жақсы тұстарын ғана мойындасаңыз, онда сіз қарым-қатынастың келесі сатыларына әбден дайынсыз.