Баланы жыныстық зорлықтан қалай қорғауға болады?


педофиль.jpg

Көрнекі сурет ашық дереккөзден алыды.

ЮНИСЕФ-тің зерттеуі бойынша әлемде әр бесінші бала жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырайды. Бұл тек физикалық емес, жалпы біреудің тарапынан жыныстық мағынадағы жағымсыз іс-әрекеттің бәрі.

Балаңыздың қауіпсіздігі үшін 3 жасынан бастап «іш киім ережесін» үйретсеңіз болады.

Ереженің мағынасы - балаға іш киім жауып тұрған дене бөлігіңді ешкім тиіспеуі керек, сен де біреудікіне тиіспе деп түсіндіру.

1. Сенің денең тек сенікі.

Балалар өзі қаламаған физикалық контакттан бас тарта алады. Ол үшін «жоқ» деп айтуды үйрету керек. Ал үйдегі үлкендер баланың «жоқ» дегеніне құлақ асуы керек. Үйде қауіпсіздік, жыныстық мүше, олардың ғылыми аттарын біліп, түсініп, үйреніп шыққан бала басқа адамдардың арасында өзінің шекарасын анық түсінетін болады. Үйден жеткілікті мағлұмат ала алмаса, оны міндетті түрде сырттан іздейді. Ал көшеден естіген бұрмаланған ақпарат баланың көзқарасына теріс әсерін тигізуі мүмкін.

2. Жақсы жанасу, жаман жанасу

Балалар дұрыс физикалық контактты дұрыс емесінен ажырата алмайды. Сондықтан балаға «егер бөгде адам сенің жыныс мүшеңді ұстап, көргісі келсе, ол дұрыс емес» деп үйретесіз.

«Іш киім ережесін» түсіндіргенде балаңызбен осы тақырып жайлы жалпы әңгіме айта бастайсыз. Балаңыз бір адамның әрекетін қалай бағаларын білмей, дұрыс па жоқ па деп күмәнданса, сізден келіп сұрай алатынына көзін жеткізіңіз.

педофиль.jpg

Көрнекі сурет ашық дереккөзден алынды

3. Жақсы құпия, жаман құпия

Балаларға зорлық жасайтын адамдардың басты әдісі - баланы құпия сақтауға итермелеу, сол арқылы өзінің әрекетін жасыру.

Сол себепті балаға жақсы да, жаман да құпия болатынын түсіндіру керек. «Баланың көңілін түсіретін, қорқыныш, шарасыздық тудыратын кез-келген құпия - жаман құпия, және оны сақтап жүруге болмайды. Сенетін адамға - ата-ана, дәрігер, мұғалім, аға-әпкелерге айту керек».

4. Баланың қауіпсіздігі - ата-ананың жауапкершілігі

Балалардың басынан жоғарыда айтылған жағдайлардың бірі өткенде жиі болатын сезімдері - ұят, кінә, қорқыныш.

Ата-ана жыныстық әңгіме төңірегінде көп шектеу қойып, өздері сол тақырыптан қашқақтайтын болса, бала олардан көмек сұрауға болатынын сезінбейді.

Бала көңіл-күйі өзгерсе, біреуден қорықса, барып сұрай алатын сенімді адамы барын білуі керек. Ал ол ересек адамды дайындап қою, немесе сол ересектің өзі болу- ата-ананың жұмысы. Баланың сезімі мен әс-әрекетіндегі өзгеріске сергек болу керекЕгер бала бұрын жүгіріп брып жүрген ересек не балаға барғысы келмей қашқақтаса, баланың ойын сыйлау керек.

Сая Бақимова, психолог

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Таптырмас маманға айналғыңыз келсе...
  • Мишель де Монтень: Бала тәрбиесі туралы
  • Гель-лакты үй жағдайында қалай кетіруге болады?
  • Челлендж туралы қызықты мәліметтер
  • Ағылшын тілін жетік меңгеруіңіз үшін керекті кеңестер