Тез арықтаймын десеңіз, мына ақпараттарға сенбеңіз

Oinet.kz 19-06-2019 1605

Артық салмақтан арылғысы келеін адамдарға арналған кеңестер өте көп. Кеңестердің көбі орындалған сәтте нәтиже бермейді. Ел арасында қалыптасқан арықтауға қатысты қате пікірлер топтамасын ұсынамыз.

                    Қаптамадағы мәлімет - шын

калорий.jpg

Арықтауға бекінген жандар өнімің қаптамадағы құнары жайлы мәліметке сүйеніп жоспарлы тамақтанады. Халықаралық стантартқа са өнім жайлы мәліметте кейде 20 % азайтылып көрсетіледі. Мысалы, 100 грам өнім жайлы ақпаратта 120 грамның мәліметі орналасуы мүмкін. Бірақ, бұл мәлімет сіздің арақтауыңызға септігін тигізеді. Диетологтардың пікіріне сүйенсек, өнім мәліметін оқитын адамдар қаптамаға мән бермейтіндерден тез салмақ тастайды екен.

  «Геннен қашып құтыла алмайсың!»

толықтар.jpg

«Әулетімізде бәрі толық, мен соларға тартқанмын» деп артық салмағына түсінік беретін адамдар көп.  Бірақ олардағы отбасылық ортақ себеп – асхана мәзірінің дұрыс жоспарланбауы. Мысалы, әлемдегі ең толық адамдар Мексика мемлекетінде. Себеп: фаст фуд, газды сусындарды көп тұтыну. Мексикада кез-келген көшеде ашық тамақтану орындары бар. Олардың асханасында майлы, энергетикалық құндылығы жоғары тамақтар өте көп.  Сондықтан болар ел тұрғындарының 32,8%  артық салмақтан жапа шегеді. Салмақтан арылуға жігерленуге ештеме кедергі емес. Ойша түрлі себептер туындатпай, шешім қабылдаған болсаңыз соңына дейін бекем болыңыз. 

                        «Арықтау үшін ашығу керек»

арықтау.jpg


Көптеген адамдар ашығу арқылы арықтаймын деп ойлайды. Бұл-қате пікір. Ағза ашыққан соң өзіне қор жинайды. Сіз жоғалтқан салмағыңызды тез-ақ еселеп жинайсыз. Әлеуметтік желілерде тамақ әзірлеу не тамақтану жайлы посттарды көрмеуге тырысыңыз. Себебі тәбетіңіздің ашылуына негіз болады. Неғұрлым жеңіл тамақтанған сайын қарныңыз жиі ашады. Тағам жайлы деректерді жиірек оқуға тырысу-дұрыс шешім. 

                      «Көп әрекеттенсең, арықтайсың»

ан.jpg

Артық салмақтан арылу барысында спортқа көп уақыт бөлуге де қателік. Сіздің ағзаңызға түскен күш күйзеліске ұшыратуы мүмкін. Өзіңізді осы келбетіңізбен жақсы көріп, қаылдаңыз. Күніңізге дұрыс жоспар құрыңыз. Сіздің әрекетіңіз сонда іске асады.

Суреттер ашық дереккөзден алынды.

Ерте тұру біз білгендей пайдалы ма?!
Баланы жыныстық зорлықтан қалай қорғауға болады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу