Ерте тұру біз білгендей пайдалы ма?!
Біріншіден, бұл тиімділікті арттырады.
Ерте тұру табысты күннің өтуімен байланысты деп санайды халқымыз. Таңертең ерте тұратын адамдар күн тәртібімен жүреді және белсенділіктерін арттыруға көмек береді деп ойлайды. Әрине бұл теория тек мектепте жоғары баға алуға және жоғары жалақы алуға ғана сәйкес келеді.
Ерте тұрғыш адамдар былай дейді: « Ерте тұрғанда мені ешнәрсе мазаламайды. Басқа отбасы мүшелері тәтті ұйқыда болады және әріптестерім хабарламалар жазбайды».
Әр адамның ұйқысынан ояну уақыты әр түрлі. Мысалы, Apple компаниясының бастығы Тим Кук 3:45 оянып, Шығыстан жазған әріптестерінің хаттарын почтадан тексеруге тұрады. Әйгілі тележүргізуші Опра Уинфер өзінің күнін сағат 6:00 – де медитация жасаумен және спортпен айналусымен бастайды. Сөйтіп, 9:00-де жұмысына барады екен.
Ең экстремальділардың бірі актер Марк Уолберг. Ол тренеровкаларын жасау үшін (гольф, дұға етуге, криокамерлық сеанс) сағат 2:30 ұйқысынан оянады.
Ерте тұру бәріне керек емес..
Ерте тұру факттің өзі сізді табысты адам деп санамайды. Бірақ таңртең барлық адамдар жігерлі. Кейбір адамдар өздерін жігерлігін тек күннің 2 жартысында ғана сезінеді. Бұның басты себебі – биологиялық фактор.
Жақында ғалымдар және мамандар 700 000 адамға анализ жасады. Қайсы бір адамның жігерлігін анықтаудың нәтижесінде 350 генетикалық факторларды анықтады. Бұлар әр адамның өзінің генетикасына байланысты екендігі толығымен дәлелденді.
Әрине кейбі адамдардың ерте тұру мақсаты жұмысы немесе балаларын мектепке апаруымен байланысты. Сондықтан, ұйқыны тез арада ашу үшін күнні жарығы, я болмаса бөлменің жарығы қажет. Жаттығуларда организімді оятуға әбден көмек береді.
Кейде өнімділікті төмендетеді..
Гуру тайм-менеджмент айтқандай: «О, бұл бизнесмен ерте тұрады, сол себептен бай», десе, «Сізге тұру қиын болса, сіз өзіңіздің бұл талапқа сай келмейтін организімізді тек шаршатасыз» - деп, айтады невролог, ұйқы саласындағы специалист Рэйчел Салас.
Ең бастысы түнде жақсы ұйықтау және әр түні бір уақытта жатып, таңертең бір уақытта ояну. Ұйқыны қыю нәтижесі: ашуланшақтық, концентацияның төмендігі, артық салмақ, алаңдаушылық, жүрек-қан тамырларының ауруларының жоғарлауы. 20 және 30 жасында ұйықтамаудың салдары көрінбейді, бәрі де 40 жасқа келгенде байқалады.
Әсіресе ерте тұруды басшылар талап еткенде, бұның нәтижесі жақсы болса. Бұл басқа жұмысшыларға төмен әсер етуі мүмкін. The New York Times басылымы бұған тіпті арнайы термин берді - «жұмыс күшіне мінсіз бағынушылық».
Барлығы өзіңіздің ырғақтарыңызға байланысты болуы керек
Эксперименттер жасап, өзіңізге лайықтысың таңдаңыздар. Байқау жасап, өзіңіз қай уақытта қалай сезінетіңізді, ыңғайызды жасауыңыз қажет. Демалыс күндері ұйқыңыздың дұрыстығын ескеріп отыруыңыз қажет. Жігері әрі белсенді болу үшін графигіңізді және күн тәртібіңізді ырғағыңызға сәйкес келтіру керек.
Мамандар бермеген кеңестерге күмәндікпен қараңыздар. Әсіресе, егер кумиріңіз күн шығуына қарағанда ерте тұрса, сіз оған еліктемеу керексіз. Ұйқыны қандырып, өзіңіздің жігерлігіңізді ойлаңыз.
Егер әңгіменің төркіні үлкен командалық жұмысшыларда болса, онда басшы әр жұмысшының жігерлігін бақылау керек. Сонда жұмыс табысты әрі нәтижелі болады. Ерте жұмыс бастатқызу әрекетінің нәтижесіздігі бәрімізге белгілі, адам тез шаршап, жұмысты толық орындай алмайды. Сол себепті, ерте тұру – әр адамның қасиеті емес.