12 жылда әлемдегі адамдарлың тең жартысы семіздіктен зардап шегуі мүмкін

Oinet.kz 03-03-2023 963

Әлем халқының тең жартысы 2035 жылға қарай артық салмақтан зардап шегуі мүмкін. Әсіресе, семіздікке кішкентай балалар ұшырайды деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Screenshot_3.jpg

ВВС ақпарат агенттігінің жазуынша, 2035 жылға қарай әлемдегі 4 миллиардтқа жуық адам артық салмақтан зардап шегеді. Тіпті семіздік балалар арасында қатты тарауы мүмкін. Бұл проблема Африка және Азия елдерінде жиі тіркеледі. 

Дүниежүзілік семіздікке қарсы ұйым басшысы Луиза Баур бұл мәселемен күресу үшін қазірден алдын алу керек деп дабыл қақты. Болжам шындыққа айналмас үшін әр мемлекетте артық салмақпен күрес жұмыстарын қолға алу керек дейді. 

“Негізінен семіздік халықтың табысы төмен мемлекеттерде жиі тіркелуде. Өйткені жұрт тағамды талғаммен тұтынбайды. Әрі өз салмағына мән бермейді. Сонымен қатар медициналық қызметтің де сапасы әсер етеді”, - дейді ол. 

Бір қызығы, зерттеу нәтижесінде артық салмақтағы адамдар өздерінің семіздікке шалдығуына аса мән бермейтін көрінеді.

Астанада 34 жастағы мектеп директоры күйеуін пышақтап өлтірді
«Алтыншы қабаттан лақтырып жіберген»: Түркістанда кәмелетке толмаған қызды жезөкше етпек болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу