«Алтыншы қабаттан лақтырып жіберген»: Түркістанда кәмелетке толмаған қызды жезөкше етпек болды

Oinet.kz 03-03-2023 8605

Түркістан тұрғыны кәмелетке толмаған жасөспірімді жезөкшелікпен айналысуға тартқан деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_4.jpg

Түркістанда Б. есімді қыз 17 жастағы жетім қызды қосымша табыс табу үшін интимдік қызмет көрсетуге шақырған. Бұл туралы Немолчи.kz қоры мәлімдеді.

Жасөспірімнің ата-анасы бала күнінде көз жұмған, ол қазіргі таңда туыстарының үйінде тұрады.

Б. есімді тұрғын жасөспірімді Түркістанға шақырып, оған клиент тапқан. Клиент Rixos қонақ үйінен бөлме жалдап, кәмелетке толмаған қыздың шотына 140 мың теңге аударады. Ал қыз оны клиент тауып берген Б.-ға бірден жіберген.

Жасөспірім мұндай әрекетке бара алмайтынын түсініп, қызмет көрсетуден бас тартады. Клиент ақшаны қайтаруды талап еткен. Қыз Б.-ға қоңырау шалып, ақшаны аударуды сұрайды. Бірақ ол ақшаны қайтармай, қызмет көрсетуін талап еткен. Осы кезде ер адам мен 17 жастағы  қыздың арасында жанжал туындап, бірін-бірі бейәдеп сөздермен балағаттайды.

Анонимді хабарлама бойынша, ер адам бөлменің есігін жауып, қызды тастап кеткен. Бір сағаттан кейін үш әйел бөлмеге кіріп, қызды ұрып-соғып, балконға жабады.  Қыз балконда жарты сағат тұрып, Б.-ға хабарласады, бірақ ол жауап бермеген. Содан кейін үш әйел балконды ашып, қыздың қолынан телефонды жұлып алып, оны алтыншы қабаттың балконынан итеріп, кетіп қалады.

Қонақ үй қызметкерлері жедел жәрдем мен полицияны шақырды. Бейнебақылау камераларын қарап шыққаннан кейін полиция үш әйелді тергеуге шақырған. Әйелдер қыздың алкоголь өнімдерін ішіп, балконнан өздігінен секіргенін айтты. Бірақ медициналық тексеру кезінде қыздың қанында алкоголь табылған жоқ. 

Қыз баланың жағдайы ауыр, 2 наурызға дейін реанимацияда болды. Оның бас сүйегі екі жерден, жамбасы, оң аяғы мен табаны сынған. Сондай-ақ, бас гематомасы диагнозы қойылды.

Түркістан қалалық полиция басқармасы оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

“23.02.23 ж.Түркістан қалалық полиция басқармасына қонақ үй қызметкерлерінің бірінен ғимараттың алтыншы қабатынан қыздың секіргені туралы хабарлама келіп түсті. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 105-бабы 3-бөлігі "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу"  бойынша тіркелді. Ол Алматы қаласының тұрғыны болып шықты.  17 жастағы қыз ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілді”, – деп мәлімдеді ПД баспасөз хатшысы.

Басқарманың мәлімдеуінше, тергеу барысында оқиғаның қатысушыларынан, қонақ үй қызметкерлерінен жауап алынды. Сондай-ақ, қонақ үйдегі барлық бейнебақылау камералары да тексерілді. Заттай дәлелдемелер алынды.

Қазіргі таңда жедел-тергеу шаралары жан-жақты атқарылуда. Тағайындалған сараптамалардың нәтижелері бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданады.

12 жылда әлемдегі адамдарлың тең жартысы семіздіктен зардап шегуі мүмкін
Бұдан былай кәмелетке толмағандардың некесін қиған имамдар жауапқа тартылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу