Астанада 34 жастағы мектеп директоры күйеуін пышақтап өлтірді

Oinet.kz 02-03-2023 1404

Астанада 34 жастағы әйел күйеуін өлтірді. Әйел елорда мектептерінің бірінің мұғалімі әрі директоры болған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі  31 арнаға сілтеме жасап. 

Screenshot_1.jpg

26 ақпан күні "102" арнасына тұрғын үйдің пәтерінен ер адамның мәйіті табылғаны, пышақ жарақатымен әйел ауруханаға жеткізілгені туралы хабарлама келіп түскен.

"Бұл фактіге байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, қажетті сараптамалар жүргізіледі. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де мәліметі жария етілмейді", - деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Директордың әріптестері әйелдің жақында бір айлық демалысқа өтініш бергенін, арада алты күн өткенде қайғылы жағдай болғанын айтады.

10 жылдан астам тәжірибесі бар, кейін директор болған биология пәнінің мұғалімі жақсы, жауапкершілігі мол маман екенін дейді әріптестері бірауыздан.

"Өте еңбекқор, ашық адам. Өз ісін жақсы біледі. Иә, әрине, бұл өте қиын жағдай. Барлығымыз шок алдық", - дейді білім мекемесінің өкілі.

26 ақпан түскі кезде ерлі-зайыптының пәтерінде отбасылық жанжал шыққан. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, күйеуі алдымен әйелінің мойнын пышақпен тіліп, кейін кеуде тұсынан жаралаған. Әйел өзін қорғау үшін күйеуіне пышақ сұққан.

Қазір мектеп директоры көптеген жарақатпен хирургия бөлімінде жатыр.

«AMANAT»: Коллективу театра презентовали предвыборную программу
12 жылда әлемдегі адамдарлың тең жартысы семіздіктен зардап шегуі мүмкін
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу