Раушан гүлінің ғұмырын ұзартудың сырлары

Oinet.kz 15-01-2021 919

раушан гүлі.jpg

"Шын жүрекпен сыйланған гүлдің ғұмыры ұзақ болады" деп жатамыз. Әйткенмен, раушан гүлі де өсімдік қой. Одан да, бір бума раушан гүлін үй жағдайында қалай ұзақ ұстауға боларын бізден үйреніңіз.

Раушан гүлін суға салмас бұрын оның сабағын 3-5 см шамасында қиып алыңыз.

Құмыраға гүлді салмас бұрын гүлдің сыртындағы орамасын алып тастаңыз.

Гүл салынған құмыраға бір түйір қант немесе бір түйір аспирин салыңыз.

Егер гүл сізге қыс мезгілінде сыйланса, онда оны 35-40 градуста ыстық суға салып қойыңыз.

Ал егер жазда не көктемде сыйласа, құмыраның суын салқын етіп, күн көзі түсетін жерге қойып қойыңыз.

Раушан гүлінің сабағының жартсынан көбі суда тұру үшін биіктеу құмыра таңдаңыз.

Күн сайын суын ауыстырып тұрыңыз.

Абайлап қана суға батып тұратын бөлігіндегі тікендерін алып тастаңыз.

Судың ішінде тұрған жапырақтарды да жұлып тастау керек.

Кеш батқанда, гүлді дымқыл жерге ауыстырып қойыңыз.

Күн сайын аз-аздан сабағын қиып отырыңыз.

Гүл толы құмыраға раушаннан өзге гүлді салмаңыз.

Раушан гүлінің жанына піскен жемістерді қоймаңыз. Ондай жемістер этилен газын бөліп шығаратын болғандықтан, гүлге айтарлықтай кері әсерін беруі мүмкін.

Гүлдің ұзақ уақыт солмауына арналған арнайы ұнтақты пайдаланыңыз. Мұндай ұнтақтар көптеген гүл дүкендерінде сатылады.

Тісіңіз сарғайса
Қантсыз кофенің пайдасы жоқ ᅠ⁣
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу