Қысқатолқынды пешке салуға болмайтын 10 зат

Oinet.kz 09-11-2020 921

Тұрмыста қысқатолқынды пештің пайда болуымен етті тез жібітіп, тамақты бір сәтте-ақ жылытатын болдық. Бұл пештер - заманауи ас үйде таптырмас көмекшіге айналды. Алайда қысқатолқынды пешке 1 минут болсын салып қыздыруға болмайтын заттар болады. Ендеше сол туралы айта отырайық.

Қысқатолқынды пеш.png

Жұмыртқа

Піспеген жұмыртқаны қысқатолқынды пешке салуға болмайды. Себебі жұмыртқаның іші буланып, қабығы жарылып кетеді.

Бояулы ыдыстар

Түрлі-түсті ою және гүлдермен әрленген ыдыстарға тамақ салып, қысқатолқынды пешке жылытуға болмайды. Себебі ыдыстағы бояулар көшуі мүмкін. Сондай-ақ, металл ыдыстармен де тағам ысытуға болмайды. Қыза келе тағамыңызды күйдіріп жіберуі мүмкін.

Фаст-фуд қорапшалары

Фаст-фуд тағамдарын алғанда қорапшаға салып береді. Ал ол қорапшалар алған тағамыңызды жылы қалпында сақталуға аз да болса септігін тигізеді. Десе де қайта жылыту үшін қорапшаларымен қоса қысқатолқынды пешке салуға болмайды. Себебі, қыздырғанда ол қорапшалар адам денсаулығына қауіпті заттар бөледі.

Ыдыс жууға арналған ысқыш

Ыдыс жууға арналған құрғақ ысқышты қысқатолқынды пешке салсаңыз, лезде өртеніп кетеді. Сол үшін сақ болыңыз.

Фольга

Қысқатолқынды пеште тағамды фольгаға орап қыздыруға болмайды. Себебі, фольга тағамға ыстық өткізбей ғана қоймай, тез тұтанады да.

Киім

Тез кептіремін деп қысқатолқынды пешке киім салып жүрмеңіз. Киімдер тез тұтанады.

Қарбыз

Қарбызды ешкім де ысытып жей қоймас. Әйтсе де ысыту үшін салатын болса қарбыз да жұмыртқа секілді буланып, жарылатын болады.

CD диск

Қысқатолқынды пешке дисктерді салуға болмайды. CD диск өртеніп қана қоймай, жарылады да. Сол үшін сақ болғаныңыз абзал.

Брокколи

Бұл өсімдікті қысқатолқынды пеште қыздыратын болсаңыз, 97 % құнарлылығын жояды.

Пластикалық ыдыстар

Қысқатолқынды пеште пластикалық ыдыстармен тамақ ысытуға болмайды. Қызғанда бұл ыдыстардан адам денсаулығына зиян келтіретін заттар бөлінеді.

Қауіпті үй шаруалары
Безеуден құтылу үшін мына тағамдарды жеу керек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу